ІХ Президенттік олимпиадасының І аймақтық кезеңі қортындысы бойынша 11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден 4 пәннің жиынтық балдарының қорытындысы бойынша облыс оқушыларынан 20 жеңімпаз анықталды, солардың ішінде Павлодар қаласы № 9 ЖОМ-ның және № 35 ЖОМ-нің оқушылары Шарапатова Айман және Шамшинова Галия бар. Аймақтық кезең республика аймақтарында 2016 жылдың 20 қазан күні бастауын алды.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілген ІХ Президенттік олимпиадасының аймақтық кезеңіне облысымыздың 62 мектептерінен 125 оқушы қатысты - Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының, 9 аудандық жалпы білім беру және 12 мамандандырылған мектептерінің, олардың ішінде 60 оқушы мемлекеттік тілді, 65 - орыс тілді мектептерінен.
2016 жылдың 11 қараша күні республикамыздың барлық аймақтарында бір мезгілде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Интерактивті студиясы желісі арқылы ІХ Президенттік олимпиадасының II республикалық іріктеу кезеңі өткізіледі. Екі тур бойынша - қашықтық және шығармашылық (эссе жазу) - жүргізілетін іріктеу кезеңіне аймақтық кезеңінің. Іріктеу кезеңінің екі тур қорытындысы бойынша республикалық ұйымдастыру комитеті Президенттік олимпиадасы республикалық кезеңінің қатысушылар тізімін анықтайды.