Павлодар қаласының білім беру мекемелері құрылымы мен барлық мүдделі мекемелердің үйлестірілген жұмысының нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қараусыздықты ескертуге бағытталған тұрақты жүйе орнатылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу бағыттарының бірі Павлодар қаласының білім беру бөлімі мен мектептер жергілікті полиция қызметімен бірлесе жұмыс жасауы болып табылады.
2016 жылдың 13 қазанында әкімшілік-қылмыстық құқық және балалардың құқығын қорғау заңнамасы түсіндіру бойынша мектеп оқушылары мен КЖТБ испекторларымен кездесу өткізілді. Қала мектептерінде қиын жағдайға тап болған балаларға мектеп психологы, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, КЖТБ инспекторлары біріккен көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.
Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстық жағдай анализдері бойынша соңғы төрт жылда қаламызда оқушылар арасындағы жасөспірімдер қылмысы тиянақты төмендеу үрдісі белгіленеді.