Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Балғын суретшілер жетістігі
06-10-2016 11:27

№ 2 Балалар көркемсурет мектебі «Балалар әлемді бейнелейді. Орталық Азия» Халықаралық БҰҰАМ фестиваліне қатысты.

Фестиваль жеңімпазының дипломдарымен біздің мектептің бес оқушысы марапатталды, олар: 8 жастағы Кәмилә Мұхаметжанова «Құс» жұмысымен-жетекшісі Жанар Ержанқызы Шайкенова, Дәрия Байжұманова, 5 жаста, «Менің қалам», Зарина Абдрахманова, 13 жаста, «Қазақстан аңыздары», Катя Чесалина, 14 жаста, «Қыс» жұмысымен - жетекшісі Анжела Николаевна Бамбуляк; Женя Пелипенко, 15 жаста, «Натюрморт» жұмысымен – жетекшісі Татьяна Васильевна Ахметжанова. Байқауға майлы пастельмен, акварельді және гуашь кескіндемесі сияқты аралас техникада орындалған жұмыстар ұсынылды.

Қыркүйек айында БҰҰАМ фестивалінің қатысушыларын Алматы қаласы қарсы алды. Фестиваль, 38-ші БҰҰАМ жалпы конференциясының шешімімен БҰҰАМ естелік күніне қосылып, Алматы қаласының 1000-жылдық мерейтойына жуасу болып келді.