ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу
05-10-2016 14:42

2016 жылғы 5 қазанда Халықаралық Ұстаздар күніне орай биыл жаңадан ашылған № 37 мектебінде мектеп директорлары, мектептен тыс және мектепке дейінгі мекемелер басшылары қатарынан еліміздің даму кезеңінде білім беру саласына жеке өз үлестерін қосқан педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу өткізілді.

Облыс білім беру басқармасының басшысы Б. М. Бексеитова кездесуге қатысып, өз істерінің шеберлері – ардагерлерге адал еңбек үшін алғыс айтып, биылғы жыл қорытындысы бойынша облыстың республика көлемінде барлық деңгейден бірінші орында екенін айтып кетті.

Өз кезегінде еңбек ардагерлері кездесу жылылығын атап өтіп, қызметтегі педагогтарға шығармашылық табыс тіледі. Ардагерлерге мерекелік концерт ұсынылып, есте қаларлық сый тартылды.