ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогтерге құрмет көрсету
03-10-2016 12:15
Педагогтерге құрмет көрсету

3 қазанда Достық Үйінде Павлодар қаласы әкімі Н. К. Әшімбетовтің қатысуымен Мұғалімдер Күніне арналған салтанатты қабылдауы өткізілді.

Әкімнің салтанатты қабылдауында педагог-новаторларын және «Жыл мұғалімі - 2016», «Жыл тәрбиешісі - 2016» қалалық сайыстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.

Мерекеде номинациялар бойынша педагогтерге құрмет көрсетілді.

«Жыл тәрбиешісі - 2016» қалалық сайысының жеңімпаздары мен номинанттары марапатталды. Сайыс қорытындысы бойынша Гран-при иегері № 3 балабақшасының тәрбиешісі Наталья Александровна Крюкова. «Шеберлік шыңы» номинициясының жеңімпазы № 39 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Татьяна Алексеевна Баильдинова. «Үміт» номинициясының жеңімпазы № 28 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Гүлжүзім Анатольевна Бикибаева.

«Жыл мұғалімі - 2016» қалалық сайысының жеңімпаздары мен номинанттары марапатталды. Сайыс қорытындысы бойынша Гран-при иегері № 7 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Гүлжахан Райымқызы Қадырбаева. «Шоқ жұлдызы» номинициясының жеңімпазы № 37 ЖОМ тарих мұғалімі Әлия Егінбайқызы Қасымжанова. «Шеберлік шыңы» номинициясының жеңімпазы № 37 ЖОМ орыс тілі мұғалімі Маржан Дайырғалиқызы Сахимзадина. «Үміт» номинициясының жеңімпазы атағына ие болған № 25 ЖОМ география мұғалімі Бауыржан Серікұлы Айтуғанов.

Марапаттау рәсімінде сайыстың номинанттары қала әкімінің «Павлодар қаласының білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосқаны үшін» естелік белгісімен, диплом және сыйақымен марапатталды.

№ 33 балабақшасының тәрбиешесі Алмақан Күлжабайқызы Садықова, № 42 оқу – тәрбиелік кешенінің тәрбиешісі Татьяна Александровна Куцик, Кенжекөл ЖОМ тарих мұғалімі Гамал Қайыргелдіұлы Күлжанов, № 9 ЖОМ информатика мұғалімі Татьяна Анатольевна Потехина, № 22 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Айтжамал Әлжанқызы Сейітова, № 31 балабақшасының тәрбиешесі Жанар Құттыбайқызы Қызылбаева, Балалар - жасөспірім экология және туризм орталығының қосымша білім беру педагогі Ирина Александровна Ефимова, № 9 балабақшасының тәрбиешесі Алия Заркешевна Худжанова педагог – новаторлар грамоталармен марапатталды.

Әкім сыйлығы, естелік белгілері мен грамоталармен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жария еткен күнінен бастап 25 жыл еңбек өтілі бар педагогтер марапатталды: № 41 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі Мәдениет Мұратұлы Шортомбаев, № 1 ЖОМ директор орынбасары Светлана Анатольевна Приписнова, № 11 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі Санбира Айдарханқызы Әбілева, № 26 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі Артем Иванович Литвинов, № 16 ЖОМ директор орынбасары Зейнегүл Қаламтайқызы Нұрекенова, № 36 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі Раушан Елубайқызы Мәукенова, № 1 балалар музыкалық мектебінің қосымша білім беру педагогі Дмитрий Станиславович Масленников, № 126 балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Айман Айтмұхамедқызы Түкенова, № 1 балалар көркем-сурет мектебінің қосымша білім беру педагогі Светлана Евгеньевна Рейн, № 14 балабақшасының басшысы Гүлнәр Құдайбергенқызы Жұмабекова, № 16 балабақшасының тәрбиешісі Ольга Владимировна Москалева, № 72 балабақшасының әдіскері Тілектес Хасенқызы Есенованы марапатталды.