ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Айжастың олимпиадалардағы жетістіктері
03-10-2016 09:37
Айжастың олимпиадалардағы жетістіктері

Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Рахимжан Айжас VI облыстық жасөспірімдер олимпиадасының биология пәнінен III орын жүлдегері атанды. Олимпиада 29 қыркүйек 2016 жылы өткізілді.

Төменгі сыныптардан бастап Айжас түрлі қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, республикалық «Ақбота», «Кенгуру» сайысында математика пәнінен І орын, халықаралық «Русский медвежонок» сайысында орыс тілінен ІІ орынға ие болды. 5-сыныптан бастап республикалық деңгейде республикалық «Пони» сайысында биология пәнінен І орын, 6-сыныпта Еуразиялық Инновациялық университетінде өткен география пәнінен олимпиадада, қашықтық интернет олимпиадасында география пәнінен ІІ орынға ие болған. «Кез-келген қоғамның дамуында білім беру саласы маңызды орын алады.

Айжас мектебіміздің абырой-атағын биік белеске шығарып, үлкен мақтаныш әкелуде. Айжастың алғырлығының арқасында осы жетістіктері болашағында мақсаттарына қол жеткізуіне негіз болады деген сенімдеміз», - деп атап өтті мектеп директоры Ләйля Бажқызы Жүсіпова.