ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің дамуы
29-09-2016 03:06

Қазақстан Республикасының Білім мен ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінде жоспарлы түрде жұмыс жүргізіледі.

Павлодар қаласында мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру мен тәрбиелеу 72 балабақшада, 21 жалпы орта білім беру мектептерінің жанындағы шағын орталықтарда, 6 жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерде іске асырылады.

2007 - 2015 жылдар аралығында бұрынғы 33 балабақша мақсатты пайдалану үшін қайтарылды, «Дачный» шағын ауданында жұмыс істеп тұрған 2 мекеменің аумағы кеңейтілді, 4 балабақша салынып қолдануға берілді, 6 жеке меншік мектепке дейінгі мекеме ашылды.

Қалыпқа келтірілген ғимараттардағы санаторлық типтегі екі балабақшаның ашылуы Гагарин көшесі, 36/3 мекенжайында орналасқан № 25 санаторлық типтегі балабақшаның профилін жалпы дамытушы типтегі балабақшаға өзгертуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде №1-қалалық аурухана ауданында қосымша 300 орын ашылды, бұл ауданда балалар орындарына қажеттілік жоғары болды.

Бизнестің мемлекет алдындағы жауапкершілігі бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «КазТрансОйл» АҚ кәсіпорындары қазіргі заманғы 240 орындық № 29, 320 орындық № 54 екі балабақша салды. «Компания Нефтехим LTD» ЖШС Павлодар қаласы Павлов көшесі, 82/1 мекенжайында орналасқан 320 орындық бұрынғы балабақшаны қайтарып берді.

Жоғарыда аталған шаралар 3 - 6 жастағы балаларды 100%, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 86% балабақшалардағы орындармен қамтуға мүмкіндік берді.

Мектепке дейінгі мекемелерге заң жүзінде білім беру мен тәрбиелеу бағдарламаларын, формаларын, әдіс-тәсілдерін таңдап алуда еркіндік берілді.

Олардың негізі - халықтың білім беру сұранымын қанағаттандыру және баланың қызығушылығы мен мүмкіндіктерін есепке ала отыра білім беру болып табылады.

Білім беру бөлімі педагогтардың кәсіби дамуына жағдай жасап, тәрбиелеу-оқыту үрдісіне қазіргі заманғы инновациялық әдістер мен технологияларды енгізуде. Педагогтар шығармашылық ізденіс, тәжірибе-эксперимент әрекетіне кірістірілген.

№ 96 сәбилер бақшасы «Радуга» үйлесімді дамыту орталығының педұжымы 3 - 7 жастағы балаларда сауат ашу және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бойынша дамытушы бағдарлама дайындады. Бағдарламаға мынадай жұмыс дәптерлері енгізілді: «Мектеп жасына дейінгі баланың зияткерлік мәдениетін қалыптастыру», «Рухани-адамгершілік тәрбие, баланың эмоционалды дамуы және өзіндік дамуы», «Дені сау бала», рухани-адамгершілік тәрбие бойынша ата-аналармен жұмыс бағдарламасы. «Дарынды бала» бағдарламасын жүзеге асыру үшін тіл дамыту бойынша әдістемелік құрал, мүмкіндік түрлерін дамыту бойынша тапсырмалар мен жаттығулар жинағы, балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, әрекет негізінде педагогикалық шеберлік деңгейінің картасы әзірленді. «Ақылдылар», «Зияткерлік шоу» зияткерлік ойындарының авторлық жобасы жүзеге асырылды.

№ 42 оқу-тәрбиелеу кешенінің әдістемелік жұмысының негізіне педагогтармен жұмыста жеке бағытталған тәсіл енгізілді. Ағылшын және қазақ тілі сабақтарында ағылшын тілін ерте үйрену бағдарламасы бойынша ойын және коммуникативтік технологиялар қолданылады. Тәрбиешілер сын тұрғысынан ойлау әдістерін, ТРИЗ технологиясын, Т. А. Ильинаның мәселелі оқыту жобасын, дамытушы оқытуды табысты пайдаланады.

№ 126 сәбилер бақшасы эстетикалық дамыту орталығының педұжымы «Театр-шығармашылық-балалар» бағдарламасын табысты енгізуде. Театр әрекетіне жүгіну енжар және қызба мінезді балалармен жұмыс істеуде өзекті болып табылады.

Педагогтар дамытушы әдістемелерді, «Са-Фи-Данс» бағдарламасының элементтерін, В.Воскобовичтің дамытушы ойындарын, Г.Урадовскихтің конструкторларын қолданады. Сурет салу және театр әрекеті бойынша авторлық бағдарламалар дайындалып, әдістемелік-дидактикалық құралдар шығарылды. Балалар сурет салудың дәстүрден тыс технологияларын (сөз, көлемдік, боди-арт), музыка ойнау техникасын, тілдік мәнерлеп сөйлеу құралдарын меңгерген.

Үйірме жұмыстары шеңберінде тәрбиеленушілер аквааэробика мен синхронды жүзу, пластикалық және көлденең балет, степ-аэробика элементтерін меңгерген.

№ 10, 27, 29, 86, 122 балабақша педагогтары қазіргі заманғы білім беру бағдарламары мен денсаулық сақтау кеңістігін ұйымдастыру әдістерін меңгерген. Балаларда салауатты өмір салтын қалыпастыруға мүмкіндік беретін «Ертегітерапия» технологиясын тиімді пайдаланады.

Тіл, көз, даму ауытқулары бар балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін мектепке дейінгі мекемелерде түзету-педагогикалық көмекті қажет ететін балаларға арналған топтар сақталған.

Қалада көз ауытқушылығы бар балаларға арналған № 82 балабақша жұмыс істейді. Мекемедегі жұмыс көз ауытқушылығын түзетуге, психологиялық-түзету мен балаларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған. Педагогтар көру мүмкіндіктері және шектеулерді есепке ала отыра, балалардың қызығушылық, ойлау, белсенді қозғалуына мүмкіндік беретін технологияларды қолданады. «Арнайы мектепке дейінгі білім беру мекемесінде түзету-педагогикалық үрдіс құрылымында пәндік дамытушы ортаны құру ерекшеліктері» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі жалпыланды.

№ 14, 26, 39, 52 арнайы балабақшаларда сабақтарда логоритмика элементтерін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді, дыбыстауды түзету үшін әндету каталогы мен балалардың эмоционалды ортасын дамыту үшін музыкалық-ырғақты қозғалыс кешені құрастырылды.

Тәжірибеде педагогтар әзірлеген сауықтырудың ойын жобалары, қарым-қатынастық-тілдік икем-дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар қолданылады.

Мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртумен байланысты педагогтар қазіргі заманғы қоғамның талаптарына, ата-аналар сұранымына жауап беретін білім беру моделін іздеу, таңдау міндеттерін шешуде.