Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Балалар әлемді бейнелейді
28-09-2016 04:46
Балалар әлемді бейнелейді

«Балалар әлемді бейнелейді. Азия» Халықаралық фестивалінің конкурсына Павлодар қаласының № 1 Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы оқушылардың 61 суретін жіберді. Олар кескіндеме, графика, аралас техникасында орындалған.

Соның ішінде жеңімпаз болып мектептің 19 жас дарыны танылды: Попова Евгения, 4 жаста, Таженова Саида, 5 жаста, Финк Марк, 6 жаста, Бахроминова Меруерт, 7 жаста, Полякова Дарья, Шамиева Айгерим, Савицкая Алина, 8 жаста, Сумина Милана, Моторная Анна, 9 жаста, Румянцева София, 10 жаста, Попова Диана, 11 жаста, Шалагина Мария, 12 жаста, Кусаева Лейла, 13 жаста, Оленич Виктория, Воронов Виталий, Анциферова Анастасия, Мураева Валерия, 14 жаста, Никитенко Даниил, 15 жаста. Қатысушы-жеңімпаздарын мадақтау салтанатына және «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» арнайы альбом алғашқы таныстыруына 2016 жылы қыркүйекте Павлодар қаласының № 1 балалар көркемсурет мектебінің фестиваль жеңімпаздарының атынан Оленич Вероника барды. Альбомға мектеп жеңімпаздарының барлық 19 суреттері еңгізілді.

«Балалар әлемді бейнелейді. Азия» Халықаралық фестивалі Алматыда қаланың 1000 жылдығын тойлау аясында ЮНЕСКО қамқорлығымен 2016 жылы 7 қыркүйекте өткізілді. Іс шараның ұйымдастырушы ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Қоры және Алматы қаласы әкімдігі көмегімен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясы шықты.

Үндістан, Қазақстан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Жапонияның 7000-ға жуық жас суретшілерін қамтыған жоба шығармашыл жастардың дамуын, ұлт аралық түсінісушілікті, сонымен қатар, аймақ мемлекеттерінің өскелең жастарының достастығын нығайтуға бағытталған. Жоба аясында балаларға бейнелеу өнері және қолөнері саласында мастер-кластар, достастық пен мәдениет алмасу кештері, әр мемлекеттің мәдениетін таныстыру және де ауқымды экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылды.