Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Роботехника мектептерде
23-09-2016 11:59
Роботехника мектептерде

Жаңа оқу жылында Павлодар қаласының 13 жалпы орта мектептерінде «Робототехника» факультатив курстары енгізілді. Робототехниканы 5-9 сыныптардың оқушылары үйренеді. Робототехника кабинеттерін жабдықтау үшін жергілікті бюджеттен 33,6 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Мектептер жаңа курс бойынша толықтай бағдарламалармен қамтамасыз етілді. Жаз уақытында робототехниканы оқыту үшін 67 информатика мұғалімдері курстық даярлықтан өтті.

Павлодар қаласы Балалар техникалық мектебінің «Радиоэлектроника және робототехника» үйірмесінде робототехника сабақтары бойынша жақсы (жаратымды) жұмыс тәжірибесі бар, үйірме жетекшісі Анатолий Васильевич Мануковский.

Аталған мектептің тәрбиеленушісі Сағынғалиев Ернұр автомобиль көлігінің жануын (тұтануын) тоқтататын, орындаушы механизм ұялы телефонның кнопкасын басады және автомобиль иесіне қоңырау соға бастайтын, «Автомобильге арналған өртсөндіргіш GSM-құрылғысын» жасап шығарды. Болашақта құрылғыны, ол тек иесіне тұтану (жану) туралы белгі беру ғана емес, сонымен қоса өздігінен автоматты түрде өрт сөндіру жүйесін қосатын қылдырып жетілдіру жоспарланып отыр.

Балалар техникалық мектебінің тәрбиеленушісі Искаков Баязет Щучинск қаласында 1-7 сыныптардың оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың XI республикалық сайысында «Физика және техника» секциясында және Астана қаласында өткен «Юность. Наука. Техника» интернет-сайысының «Радиоэлектроника» энергосақтағыш технологиялар секциясында «Автоматты үнемшіл далалы қалта шам (фонарь)» жұмысы үшін І дәрежелі Дипломға ие болды.

Дмитрий Довбанюк, мектеп тәрбиеленушісі өзінің үйірме жетекшісімен бірге С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткен, жас ғалымдардың, магистранттардың, студенттер мен оқушылардың «ХVI Сатпаев оқулары» Халықаралық ғылыми конференциясының «Автоматика» секциясында «Жарық бергіш құрылғыларды микропроцессорлі автомат басқарғыш» жұмыстарын ұсынды және І-дәрежелі Диплом мен Алғыс хатқа ие болды.

Микробақылауыш үшін оңдаушы модуль ұжымдық жұмыс болып табылады. Үйрмеге қатысушылар MCS-51 стандартындағы кең тараған микробақылауыштар үшін оңдаушы модуль әзірледі және типтік операцияларды зерттеу үшін оған қосалқы модуль жинақталымын жасап шығарды. Модуль сондай ақ түрлі микросхемалар мен жадыларды, картридждерді, IP-button кілттерін, смарт-карталарды оқу, ИК-пульттер кодтарының шифрларын ашу және көптеген мақсаттарда пайдаланылады, сондай ақ оқушылар мен студенттерді микропроцессорлі техникаға оқыту үшін қаолданылады. Үйірмеде жаппай өндірісте пайдалануға жарамды, күннің көкжиектегі тұрған орнын автоматты түрде анықтайтын, қымбат емес микропроцессорлы құрылғы жасап шығарылды. Нақты географиялық орында күннің шығу және бату мезгілін (сәтін) күнделікті есептеу негізінде коммуналдық шаруашылықта немесе жылыжайларда жасанды жарықбергіштерді тиімді автоматты түрде пайдалануға болады. Қала көлемінде осындай құрылғыларды жаппай пайдалану кезінде аса көп электроэнергиясы үнемделеді, осылайша отын аз жағылады және эклогиялық ахуал жақсарады.

Алматы қаласында өткен авия және ракетамодельді спорт бойынша мектептер мен колледждер оқушыларының ашық республикалық чемпионатының VIII жазғы спартакиадасында Калинин Олег F-3-J авиамодельдеу және радио басқарудан I-орын, F-1-B авиамодельдеуде ІІ-орынды иеленді, III-орын радио сайыс бойынша авиамодельдеуден, Ислямов Аскар - II-орын электроұшу бойынша авиамодельдеуден, жетекшісі Соц Сергей Федорович.

Ақтөбе қаласында өткен, авиамодельдеу, ракетомодельдеу, кемемодельдеу, автомодельдеу спорты және робототехника бойынша республикалық жарыстарда «Авиамодель» номинациясында Ислямов Аскар F-3-J модельі үшін I-орынды, Троян Леонид - жартылай көшірмесі үшін І-орын иеленсе, Кабанов Дмитрий - F-3-Р (пенолёттар) жұмысы үшін II-орынға қол жеткізді, III-орын - F-3-Н модельі үшін - Овчаров Артур, жетекшісі Соц Сергей Федорович, III-орын «Кемемодельдеу» номинациясында -F-2-Н модельі үшін - Оразбаев Арман, жетекшісі Ильясов Руслан Борисович.