ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шаттық пен табысқа толы тәрбие
22-09-2016 03:34

«Павлодар қаласының № 27 сәбилер бақшасы» облыстық «Үздік мектепке дейінгі ұйым - 2016» конкурсында сертификатымен марапатталды.

Республикалық «Балапан» бағдарламасы шеңберіңде 2011 жылы қайта жөнделіп ашылды. 8 жас ерекшелік топта 228 бала тәрбиеленеді.

Педагогикалық ұжымның басымдылық бағыттары мектепке дейінгі балалардың интеллектуалды-сөйлеу қабілеті мен тұлғалық дамуы болып табылады. Мекемеде тәрбиеленушілердің білім сапасын арттыруға, педагогтардың кәсіби шеберлігін шыңдауға, оқыту-әдістемелік тәжірибесін жинақтауға әсер ететін бағдарламалар қабылданылып пайдаланылуда. Инновациялық технологиялар мен бағдарламалар нәтижелі пайдаланылады. Олар педагогтардың шығармашылық дамуына және балалардың танымдық, жасампаздық пен әлеуметтік өміріне жаңа серпін береді.

Педагогтар жұмыстарына шығармашылықпен қарап, бастамашылдық, демократиялық, қарым-қатынаста ашықтық, кәсіби өсуіне қажеттіліктің қалыптасуымен ерекшеленеді. Сәбилер бақшасы «Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы «Өрлеу» АҚ-ның облыстық біліктілікті арттыру институтының курс тыңдаушылары, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледж студенттері үшін базалық алаңқай болып саналады. Педагогтар мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың өзекті мәселелері бойынша студенттер, курс тыңдаушылары, облыстық, қалалық мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері үшін мастер класстар өткізеді.

Тәрбиеленушілері халықаралық, республикалық облыстық зияткерлік «Жауқазын» олимпиадасы, республикалық IQ «Үркер» марафоны, спорттық жарыстар, музыкалық конкурстар жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Мектепке дейінгі қалалық «Үздік қазақ тілі кабинеті», «Үздік балабақша алаңқайы» конкурстарында І орынға ие болды.

Балабақша басшысы Алла Петровна Басевская «Білім беру көшбасшысы» белгісімен марапатталған, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Алтын есімдер» кітабына енгізілді.

Келешекте де педагогикалық ұжым балабақша мамандары, педагогтары мен отбасының бірлескен ынтымақтастық үдерісінде балалардың сөйлеу белсенділігін дамыту бойынша жұмыстарды жоспарлайда.