ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Үздік шағын орталық
21-09-2016 04:43
Үздік шағын орталық

Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі жанындағы мектепке дейінгі «Қарлығаш» шағын орталығы облыстық «Үздік мектепке дейінгі мекеме - 2016» конкурсына қатысты және «Үздік қалалық мектепке дейінгі шағын орталық» номинациясы сертификатымен марапатталды.

Мектепке дейінгі шағын орталық жұмысының басым бағыты баланың өзін қоршаған табиғатына, табиғаттың бір бөлігі ретінде өзіне, адамдарға дұрыс қатынасты қалыптастыру болып табылады.

Шағын орталықта 4 - 5 жастағы 106 бала баратын, 4 топ жұмыс істейді. Оқу-тәрбие үдерісін 12 білікті педагог жүзеге асырады, 67 % жоғары педагогикалық білімі бар, 50 % бірінші біліктілік санаты бар.

Әр жасерекшелік тобында балалармен тәжірибелік тапсырмаларды шешуге, салыстыра білуді дамытуға, талдауға, жалпылауға, тәжірибе жасауға, мүсіндеуге, қарапайым ізденіс қызметімен айналысуға мүмкіндік беретін табиғат және тәжірибе жасау бұрыштары жасалған. Оқу қызметі барысында ұйымдастырылатын бақылау сондай-ақ алғашқы табиғаттану көріністерін қалыптастыру бойынша жұмыстың негізі және құрамдас бөлігі болып табылады. Жобалар жүзеге асырылды: «Ас атасы - нан», «Бөлме өсімдіктерінің әлемі», «Дәрілік өсімдіктер», «Жыл мезгілдері», «Су туралы», «Жер қоймасы», «Құстар біздің достарымыз», «Жел – ауа қозғалысы», «Қош көрдік ағаш», «Денсаулық соқпағы».

Білім беру үдерісін жүзеге асыруға инновациялық тәсілдеме мақсатында жаңа, заманауи, балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін арттыратын, эмоционалды-еркін аясын дамытатын, баланың танымдық қабілеттерін іске қосатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту технологиялары мен әдістемелері енгізіледі.

Тәрбиеленушілер облыстық «Жауқазын» зияткерлік олимпиадасының, облыстық «Алтын асық» зияткерлік ойын-сайысының, көркем шығармашылық конкурстарының жеңімпаздары болып табылады.

Мектепте Қазақстандағы жалғыз экология мұражайы жұмыс істейді. Экскурсиялар, тақырыптық сабақтар, сұхбаттар, мейірімділік сабақтары өткізілетін, экологиялық соқпақ жасалды.

«Балалардың мектепке дейінгі мекемеде болғандағы ахуалын қуанышпен, жылулықпен және жайлылықпен толықтыру маңызды. Және бұл жұмыстың қаншалықты қызықты түрде өтуінен, баланың өзін, қоршаған адамдарын қаншалықты түсініп, үйренуіне байланысты» - екендігін орталықтың әдіскері Татьяна Леонидовна Золотых атап өтеді.