ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сайыс жеңімпаздары
19-09-2016 10:44

Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары Болгарияда өткен «Нова Загора» XII Халықаралық бейнелеу өнері көрмесіне қатысты. 2016 жылдың қаңтар айында өткен көрмеге мектеп оқушыларының 18 жұмысы жіберілді.

2016 жылдың қыркүйек айында «Лошадка» жұмысымен Нұрлан Бота, жетекшісі Анжела Николаевна Бамбуляк, «Ангел» суретімен Алуа Ермекова, жетекшісі Жанар Ержановна Шайкенова, «Мой Казахстан» суретімен Ксюша Степанюк, жетекшісі Сәуле Бейбітхановна Пернебаева жеңімпаздар Дипломдарын алды.

Бұл, жыл сайын көптеген әлем елдерінің балғын суретшілерінің қатысуымен өтетін көрме. 2016 жылы «Нова Загора» XII Халықаралық жастар бейнелеу өнері көрмесі өтті. Сайыс шарттары бойынша жұмыстар әр түрлі материалда, орындау техникасы бойынша еркін тақырыпта қабылданды. Онда әлемнің 15 мемлекетінен 3000-нан астам жұмыстары ұсынылды. Көрменің салтанатты ашылуы 2016 жылдың 1 маусымында Нова Загора қаласындағы Руси Карабиберов көркемөнер галереясында өтті. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар жұмыстарынан каталогы шығарылды.