ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жыл мұғалімі - 2016» сайысының екінші іріктеу кезеңінің қорытындысы
16-09-2016 12:07

«Жыл мұғалімі - 2016» сайысының басты ерекшелігі - қатысушылар санының өсуі, сонымен қатар өз педагогикалық шеберлігін және жұмыс тәжірибесін педагогикалық қоғамға шығармашыл түрде ұсыну.

Қатысушылардың бұл сайысқа жоғары деңгейде дайындалып келгендері анық байқалды. Инновациялық тәжірибелерін қорғау кезеңі креативті түрде өтті: тілді меңгертуде қазақ халқының салт- дәстүрлері элементтерін қолдану, сұхбаттасу алаңы, ритмика мен аэробика, фокустар мен ертегілер. Бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша екінші кезеңге 59 педагогтен 22 үміткер өтті. Сайыстың ережесіне сай «Менің инновациялық тәжірибем» шеберлік сағатын өткізді.

Екінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша келесі финалдық кезеңінің қатысушылары анықталды: «Үміт» номинациясы бойынша №25 ЖОМ география мұғалімі Б. С. Айтуғанов, Жетекші мектебінің химия мұғалімі А. Г. Омарова, «Шеберлік шыңына» номинациясы бойынша №37, 35 ЖОМ орыс тілі мұғалімдері М. Д. Сахимзадина, А. Мәжітова, №21 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Ю. В. Плетюхина, №39, 43 ЖОМ қазақ тілі мұғалімдері Г. Минап, Б. Е. Мұқажанова, №14 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі Д. А. Александров, «Шоқ жұлдызы» номинациясы бойынша №18, 7 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері Т. Ж. Ерубаева, Г. Р. Қадырбаева, №37 ЖОМ тарих мұғалімі А. Е. Қасымжанова.

«Кәсіби шеберлік» финалдық кезеңі (бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізу) - 22, 23 қыркүйекте №16, 25 мектептері негізінде өткізіледі.