ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мемлекеттік тілді дамыту
16-09-2016 07:00
Мемлекеттік тілді дамыту

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатындағы нормативтік құжаттарға сәйкес Павлодар қаласының білім беру мекемелерінде іс-шаралар негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі: мемлекеттік тілде оқу-тәрбие беретін мекемелер желісін дамыту, оқу-тәрбие үдерісін мамандармен және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және насихаттау.

Мемлекеттік тілде оқытатын және тәрбиелейтін қаланың мектепке дейінгі мекемелер желісін 25 балабақша және шағын орталықтар, 49 - аралас мекеме құрайды. Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілердің арасында қазақ балалары 85% құрайды, ол дегеніміз (8867) ана тілінде тәрбиеленеді.

Жалпы орта білім беру саласында 43 күндізгі мектеп жұмыс жасайды. Мемлекеттік тілде білім беретін–7 , мемлекеттік және орыс тілдерінде білім беретін- 20 аралас, орыс тілінде білім беретін 18 жалпы орта білім беру мектептері жұмыс істейді. 2015 жылы 1200 орынға арналған № 37 мемлекеттік тілде білім беретін жалпы орта білім беру мектебі ашылды. № 1 және 7 мектептерді кезең-кезеңмен мемлекеттік тілде оқытуға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада Жетекші ауылында 300 орындық мемлекеттік тілде білім беретін мектеп салу жоспарлануда.

Бағдарламаны жүзеге асыру мониторингі бойынша соңғы 3 жылда қазақ балаларының ішінде мемлекеттік тілде білім алушылар көрсеткіші 63% дан 68% өскен және 1-сыныпқа баратын оқушылардың саны 2013 жылы 70% болса, 2016 жылы 75% артқанын байқаймыз. Павлодар қаласында дарынды балаларға арналған 5 мемлекеттік тілде білім беретін мектеп және 3 аралас мектеп қызмет етуде. Дарынды балаларға арналған білім мекемелерінде мемлекеттік тілде білім алатын оқушылардың жалпы құрамы 2,5 мың баланы құрап отыр.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының маңызды индикаторларының бірі «Мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі» 100% құрайды.

Қала мектептерінде соңғы талаптарға сай жабдықталған 59 қазақ тілі кабинеті жұмыс жасауда, оның 9-ы мультимедиалық құралдармен, 6-ы лингафонмен, 37-сі итнербелсенді тақтамен, 24 кабинет бейнепроекторлармен жабдықталған.

Үштілді білім беруді дамытуды жүзеге асыру мақсатында қаланың 8 мектебінде қазақ тілін пайдаланып биология, физика, информатика, химия, жаратылыстану, өзін-өзі тану пәндері өткізіледі. Жалпы қазақ тілін пайдаланып өткізілетін сыныптардағы оқушылар саны 1326 оқушыны құраса, оның ішінде 168 оқушы мемлекеттік тілде білім алады. Оқу жоспарының вариативті бөліміне енгізілген 9 - 11 сынып оқушыларына арналған «Абайтану» курсында 4831 оқушы қамтылды, оның ішінде 1526 оқушы мемлекеттік тілде білім алады.

Қазақстан Республикасының «Тіл Заңының» орындалу аясында қазақ тілін дамыту мен қолдану мақсатында қала мектептерінің оқушылары арасында қоғам қайраткерлері мен ұлы тұлғалардың шығармашылығын насихаттау Абай мен Шәкәрім, Махамбет, Қалижан, Мәшһүр, Мұқағали оқулары, өзге ұлт өкілдері (мұғалімдер) арасында «Тіл - достықтың құралы», оқушылар арасында «Әй, жарайсың!», «Өркенің өссін!» атты сайыстары өткізіледі.

Жыл сайын түрлі сайыстарға қатысатын оқушылар мен мұғалімдер саны 6 мыңнан асады.

Жұмыс жоспарына сәйкес білім беру мекемелерінде тілдер айлығы және ай сайын «Қазақша сөйлейміз!» акциясы өткізіледі.

Білім беру бөлімінің мамандары мемлекеттік тілді насихаттауға арналған барлық іс-шаралардан тыс қалмай, қатысады. Жыл сайын мекемелер арасында өткізілетін зияткерлік жарыстарға белсенді қатысамыз. «Мемлекеттік тіл және мемлекеттік қызмет» сайысында білім беру бөлімінің қызметкерлері 2014, 2015 жылдары жүлделі орынды иеленіп келеді.

Сапалы педагогикалық құрам көп жағдайда сапалы білім берудің бірден-бір айғағы. Білім беру саласында қала мектептерінде 391 қазақ тілі мұғалімі жұмыс жасайды. Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі 88% құрайды. Курстан өту жоспарына сәйкес 2015 - 2016 оқу жылында 87 мұғалім қайта даярлау курсынан өтті.