Павлодар қаласының білім беру бөлімі Павлодар қаласы бойынша қорғаныс істер басқармасымен бірге 2016 жылғы 7-9 қыркүйекте қаланың 43 жалпы орта мектептерінің алғашқы әскери дайындығы оқытушыларымен 3 күндізгі оқу-әдістемелік жиындарын өткізді. Аталған жиынға қаланың қорғаныс істер бойынша басқармасының, облыстық төтенше жағдайлар басқармасының, Аймақтық дене-шынықтыру оқу-тәжірибелік орталығының өкілдері қатысты.
Жиында өткен оқу жылының қортындылары шығарылды және жаңа оқу жылына міндеттер айқындалды. Жиынға қатысушыларға мектептегі алғашқы әскери дайындық туралы нормативтік құжаттар және әскери-патриоттық жұмыстар туралы түсініктемелер берілді. №№ 17, 26, 34, 36, 41, Кенжекөл ЖОМ алғашқы әскери даярлығының оқытушы-ұйымдастырушыларымен алғашқы әскери дайындық және әскери патриоттық жұмыстар бойынша оқушылармен сабақтар өткізілді.
Жиындардың қорытынды бөлігінде 6679 және 5512 әскери бөлімшелерінде бірлескен практикалық сабақтар өткізілді.