Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жыл мұғалімі» сайысының іріктеу кезеңінің қорытындысы
14-09-2016 12:05

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес оқу үрдісін жандандыру, педагогикалық инновациялық тәжірибені жинақтап тарату, оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін арттыруды тәжірибеде іске асыратын, шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс істейтін, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында жыл сайын қалалық «Жыл мұғалімі» сайысы өткізіледі.

Бірінші іріктеу кезеңі «Менің педагогикалық ұстанымым» (өзін-өзі таныстыру) 2016 жылғы 13 қыркүйекте БШҰО негізінде өтті. Екінші іріктеу кезеңі - «Менің инновациялық тәжірибем» (шеберлік сағаты) 2016 жылғы 15 қыркүйекте БШҰО негізінде өтеді. Үшінші кезең – «Кәсіби шеберлік» (бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізу) - 2016 жылғы 22, 23 қыркүйекте №16, 25 мектептері негізінде өткізіледі.

Сайысқа қатысу үшін 29 қала мектептерінен (№№ 1, 4, 6, 7, 11, 12, 13, 14, 16, 18, 20, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 33, 35, 36, 37, 39, 41, 42, 43, ЖОМ) 59 мұғалім тапсырыс берді (биология – 2, география - 2, химия - 1, бастауыш сынып – 17, ағылшын тілі -2, тарих - 3, қазақ тілі - 9, орыс тілі - 8, математика – 3, физика - 4, өзін - өзі тану - 1, неміс тілі - 1, технология - 1, дене шынықтыру - 5).

«Үміт» номинациясына - 13, «Шеберлік шыңына» - 30, «Шоқ жұлдызы» номинациясына - 16 педагог қатысты. Жылдан жылға «Шеберлік шыңына» номинациясы бойынша қатысушылардың саны артып келетіні өте қуантады. Соңғы бес жылдың ішінде бұл сайысқа технология, өзін-өзі тану мұғалімдері бірінші рет қатысып отыр, сонымен қатар қатысушылардың ішінде дене шынықтыру мұғалімдерінің саны да артып келетіні байқалады.

Әділ қазылар алқасының мүшелері білім беру бөлімінің, ЖОО өкілдері, директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, қала мектептерінің жоғары санатты тәжірибелі мұғалімдер тағайындалды.

«Жыл мұғалімі-2016» қалалық сайысының жеңімпаздары «Үміт», «Шеберлік шыңы», «Шоқ жұлдызы» номинациялары бойынша дипломдар мен бағалы сыйлықтарымен марапатталынады.

Бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша келесі кезеңге қатысушылар анықталды: «Үміт» номинациясы М. В. Базаводова, К. И. Левицкая, №№24,28 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері, Н. А. Ликарь, №16 ЖОМ физика мұғалімі, А. Г. Омарова, Жетекші мектебінің химия мұғалімі, К. Д. Загравская, №36 ЖОМ орыс тілі мұғалімі, Б. С. Айтуғанов, №25 ЖОМ география мұғалімі. «Шеберлік шыңына» номинациясы М. Ш. Хуснутдинова, Ю. В. Плетюхина, М. А. Коршунова, №№4, 21, 42 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері, Е. Р. Ахметзянова, А. Мәжітова, М. Д. Сахимзадина, №№21, 35, 37 ЖОМ орыс тілі мұғалімдері. «Шоқ жұлдызы» номинациясы Г. Р. Қадырбаева, И. Н. Лысенко, Т. Ж. Ерубаева, №№7, 16, 18 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері, А. Е. Қасымжанова, №37 ЖОМ тарих мұғалімі, А. Б. Айтқожинова, Е. В. Куликова, №№6, 28 ЖОМ математика мұғалімдері.