ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көп тілде оқыту - уақыт талабы
14-09-2016 05:15
Көп тілде оқыту - уақыт талабы

Павлодар қаласының 5 мектебінде (№ 2, 14, 39, 42, Стикс) көп тілде оқыту бойынша экспериментальды жұыс жүргізілуде. Бұл мектептер жинақталған тәжірибені тарату бойынша республикалық және облыстық алаңдар болып табылады. 2016 – 2017 оқу жылында үш тілде оқыту қаланың 18 мектептерінде енгізілді. Солардың арасында үш тілді оқытуды дамыту бойынша № 20, 34, 41, 43 мектептері - облыстық алаңдар, № 4, 7, 9, 13, 14, 17, 19, 24, 29, 30, 39, 40, 42, Стикс мектептері – қалалық алаңдар.

Қала мектептерінде үш тілді оқытуды апробациялау екі бағытта өтіп жатыр: пән мен тілге ықпалдап оқыту – тілді дамытуға бағытталған: сабақтың жеке (бөлек) кезеңдерін және пән бойынша тапсырмалары 2 немесе 3 тілде іске асырылады және пәнді үйрену арқылы академиялық тілді қалыптастыру, бір мұғалім оқытады; командалық оқыту – 2 мұғаліммен бірінші (қазақ/орыс) және ағылшын тілінде оқыту: бірге жоспарлау және сабақ жүргізу.

Үш тілде оқытуды енгізу жұмысына барлығы 59 педагог тартылды, солардың ішінде 9 қазақ тілінде. Қазақ немесе ағылшын тілін қолдану арқылы сабақтар немесе пәндік курстар жүргізілетін, сыныптар контингенті, 1300 ден астам оқушыны құрайды.

Қала мектептерінде Қазақстан тарихы қазақ және ағылшын тілін қолдану арқылы оқытылады, биология, физика, АЕТ, химия, география, жаратылыстану сабақтары қазақ тілін қолдану арқылы, ал математика ағылшын тілін қолдану арқылы оқытылады.

Аталған мектептердің барлық параллельдерінің бөлек сыныптарының оқушыларына қазақ және ағылшын тілдерін қолдану арқылы 30 пәндік факультативтік курстары оқытылады.

Оқу жоспарларының вариативтік бөлігін қамтамасыз ету үшін мұғалімдермен үш тілді оқытуды дамытуға бағытталған, пәндік факультативтік курстар бағдарламалары, сабақтар тақырыптары бойынша әдістемелік-дидактикалық матералдар, пәндер бойынша түсініктеме беретін терминологиялық сөздіктер, әдістемелік ұсыныстар әзірленді және сынақтан өткізілді. Көп тілде оқытуды кеңейту тілдік пәндерді тереңдетіп оқыту, сабақтан тыс тәрбиелеу қызметінде көп тілде үйрету бағытын күшейту арқылы жүргізіледі. Сондай ақ оқушылар мен педагогтардың көп тілді пайдалану арқылы зияткерлік сайыстарға, олимпиадаларға қатысуларын белсендету жоспарланып отыр.