«Назар аударыңыз-балалар!»
Оқу-тәрбиелеу процессін ұйымдастыру кезінде қауіпсіз жағдай жасау, қала мектептерінде балалар мен жасөспірімдер өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Назар аударыңыз-балалар!» Республикалық акциясы шеңберінде оқушыларды жолда жүру кезіндегі қауіпсіздік дағдыларына үйрету бойынша профилактикалық шаралар өткізілді, «Оқушылардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында ақпараттық стендтер рәсімделді, ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖАС ИНСПЕКТОРЫ агитбригадаларының қатысуымен «Біз – жолдағы қауіпсіздік үшін» аты жалпы мектептік жиындар, сынып сағаттары, «Жолда жүру Ережелері балалардың түсінігінде» тақырыптарына суреттер конкурсы өткізілді. №16 ЖОМ оқушылары «STOP оқушы» Флешмоб-үндеуін ұйымдастырды.