ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қайтадан мектепке
08-09-2016 12:16

2016-2017 оқу жылының басында Павлодар қаласының заңды тұлға мәртебесі бар, білім беру ұйымдарының саны 135 мекемені құрайды (мемлекеттік – 129, жекеменшік – 6).

Қалада 72 мемлекеттік және 6 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, қаланың 21 жалпы орта мектептерінің жанында шағын-орталықтар жұмыс істейді. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен жалпы қамтылуының көрсеткіші 19,5 мың баланы құрайды. 3 жастағы балаларды орындармен қамту 100%-ға қамтамасыз етілді, 2 жастағылар үлесінің қамтылу көрсеткіші 86%-ға жеткізілді.

Жалпы орта білім беру саласы 46 мемлекеттік мектептермен ұсынылған. Күндізгі жалпы орта мектептері оқушыларының контингенті 2016-2017 оқу жылының басында шамамен 37,5 мың адамды құрады, соның ішінде 1-сынып оқушылары – 5291 оқушы, ол өткен оқу жылының басымен салыстырғанда 409 балаға көп.

Мектептердегі оқушылар контингенті өткен жылмен салыстырғанда 2119 оқушыға көбейді, соның ішінде бастауыш сыныптарда 1323 оқушыға, негізгі мектепте – 601 ге, жоғарғы буындарда – 228 оқушыға.

Оқулықтар сатып алу 263,0 млн.теңге сомасына 285,0 мың данада толық көлемде іске асырылды. Қала бойынша оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен жабдықталу көрсеткіші 100% құрайды.

Қаланың барлық мектептері Интернет желісіне қосылған, соның ішінде кең жолақты интернетке – 91%.

Павлодар қаласының 39 мектебі оқушыларға арналған «Күнделік» электрондық журналдар мен күнделіктердің біріңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасының қатысушысы болады.

Оқу үдерісіне «Робототехника» пәнін енгізу мақсатында қаланың 13 мектебі жалпы сомасы 33,6 млн.теңгені құрайтын арнайы жабдықпен жабдықталған.

Қала мектептері 100% білікті педагог кадрлармен қамтамасыз етілген. Жоғары және 1-санаттағы мұғалімдер үлесі 69% құрайды. 2016 жылы жұмыс орындарына бөліп тарату қортындылары бойынша қала мектептеріне 155 жас мамандар жіберілді.

Қосымша білім беру жүйесі 11 қосымша білім беру ұйымдарымен, , 15 мыңнан астам баланы қамтуымен 17 аула клубтарымен ұсынылған, ол оқушылар мен тәрбиеленушілер контингентінің 43% құрайды.