ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА – 2016
31-08-2016 12:21

2016 жылғы 29 тамызда білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Сайыс мақсаты – педагогикалық мамандықтың беделін арттыру, мұғалімдердің инновациялық-педагогикалық қызметін дамыту, кәсіби шеберліктерінің артуына ықпал ету.

Сайысқа жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша жалпы білім беретін және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп ұстаздары қатысты.

Іріктеу турына қатысуға 67 ұстаз өтінім тапсырды, олардың ішінен 29 авторлық бағдарлама қорғауға өтті.

Сайыс қорытындылары бойынша жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша

І орын- Әлібеков Мұрат Сабырұлы, мамандандырылған «Жас дарын» мектебінің химия пәнінің мұғалімі.

ІІ орын- Серікбаев Алмас Сансызбайұлы, Павлодар қ. №19 жалпы орта білім беру мектебінің информатика пәнінің мұғалімі, Қаирова Лаура Қажикенқызы, Ерғалиева Ментай Сөветқызы, Асанова Мергүл Жоламанқызы, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-гимназия-интернатының математика пәнінің мұғалімдері

ІІІ орын - Ликарь Наталия Александровна, Павлодар қ. №16 мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі.

Конкурстық бағдарлама сараптамасы мен іріктемесін Павлодар ЖОО-ларының озық ғалымдары, Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО мамандары, «Ертіс дарыны» ғылыми-практикалық орталығының, Ақпараттық технологиялар орталығының және Инновациялық орталығының әдіскерлерінен құралған сараптама комиссиясы өткізді.

Жеңімпаздар 2016 жылғы қазан айында «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының республикалық кезеңінде Павлодар облысын қорғайтын болады.

Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Шығармашылық табыс пен жаңа жеңістарді тілейміз!!!!

Ш.С. Нұрахметова, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі