ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Үздік әдістемелік кабинет» атты облыстық сайыс-байқауының қорытындысы
25-08-2016 12:12
«Үздік әдістемелік кабинет» атты облыстық сайыс-байқауының қорытындысы
2016 жылғы 23 тамызда Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде «Үздік әдістемелік кабинет» атты облыстық сайыс-байқауы өтті. Сайыс қорытындысы бойынша Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетіне ауыспалы кубог және I дәрежелі диплом табысталды (кабинет меңгерушісі Нұрахметова Шолпан Сәменқызы), ІІ дәрежелі дипломмен Ақтоғай ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті марапатталды (кабинет меңгерушісі Қожахметова Бибигүл Адамқызы), ІІІ орынды Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті иеленді (кабинет меңгерушісі Нұртаева Гүлнәзи Зейноллақызы). «Шоқжұлдыз» номинациясында Железин ауданының әдіскерлер командасы диплом алды, «Әдістемелік шеберлік шыңына» номинациясымен Шарбақты ауданының командасы аталды, «Үміт» номинациясында Павлодар ауданының әдістемелік кабинеті марапатталды. Аталмыш шара соңында аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттері қызметінің тиімділігінің рейтингтік бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің қорытындысы жасалып, сертификаттар табысталды. Осы рейтинг қорытындысы бойынша Павлодар қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинеті соңғы үш жыл бойы 1 орынды иеленуде. Білім мекемелерінің педагогикалық қызметкерлерін жеңіспен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс және жаңа белестерді бағындыруларыңызды тілейміз!

Ш.С.Нурахметова,

Павлодар қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі