Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Халықаралық тілдік лагерь. Ағылшын тілі - бір деңгей жоғары!
24-08-2016 07:48
Халықаралық тілдік лагерь. Ағылшын тілі - бір деңгей жоғары!

Омбы қаласымен ынтымақтастық шеңберінде Павлодар қаласы № 9 ЖОББГМ бір топ оқушылары алғаш рет «Юбилейный» Халықаралық тілдік «Smile» лагеріне халықаралық тілдік лагерінің бейіндік ауысымына 2016 ж.15-25 тамызында жолға аттанды.

Лингвистикалық лагерьдің бағдарламасының бастысы балалардың English Non-Stop ағылшын тілін білуге толық бойлау болып табылады. Құттықтау сөз, ойындар, күнделікті қарым- қатынас – барлығы ағылшын тілінде өтеді, ауысым соңында бұл жағдай қатысушылар үшін әдетке айналады. Ауысым шыңында - толық АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ авторлық театрлық қойылымға барлық бала қатысады.

Сабақтар 20-27 адамнан тұратын топтарда өтеді. Лагерьге қатысушылар білімнен басқа мәдени ойын- сауық және шығармашылық шаралар арқылы көп жақсы әсер алады.

Лагерь бағдарламасына кіреді:

  1. Күніне орыс тілді және тағы бір тіл меңгерген(келісім бойынша) мұғаліммен 3 ак.сағат ағылшын тілі сабағы.
  2. Professional English тренингтері (ағылшынша сәйлеу).
  3. Бастауыш мектепте шығармашылық қабылеттерін дамыту.
  4. Қыйсынды ойлау, назарын және жадын дамыту.

Балаларға жақсы эмоция мен ұмытылмас әсер беру көздері :

  1. Шетелдіктермен қарым- қатынас.
  2. Толық қанды ойын сауық бағдарламасы.
  3. Ағылшын тілді елдердің мәдениетімен танысу.
  4. Шығармашылық шебер-сыныптар.
  5. Ағылшын тілінде қорытынды театрдық қойылым.

Ойын сауық бағдарламасы «Ағылшын тілі - бір деңгей жоғары!» ұранымен өтеді.

Бағдарламаның мазмұны балалардың әр түрлі елдердің мәдениетімен, салт- дәстүрімен танысуына; шығармашылық қабылетін дамытуға; балалардың уақытша ұжымының қалыптасуына; ағылшын тілін үйренуге ынталарын қалыптастыруға; әр баланың өз қабылетін өзі іске асыруға тарту мүмкіндігін беретін әрекетке тартуға бағытталған.

Бағдарлама әр түрлі деңгейлі тілдік дайындығы бар балаларға есептеліп, балалардың қызығушылығы ескеріліп құрылған. Оқыту коммуникативтік әдістемесімен«Smile» «Smile» өтеді және рөлдік ойындар,сұхбат, пікір талас және шығармашылық жобалардың көмегімен ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға, түсінуге бағытталған.

Әр қатысушы шетел тілдері лагерін өткені туралы сертификат алады, өз портфолиосын қалыптастырады.