ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Күштік көпсайыс – спорт пен денсаулық мерекесі»
09-08-2016 06:34
«Күштік көпсайыс – спорт пен денсаулық мерекесі»
«Өркен» аула клубында «Күштік көпсайыс – спорт пен денсаулық мерекесі» атты іс-шара өтті. Іс-шараға 8-16 жас аралығындағы 50 бала қатысты, олар жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлінді. Көрермендер ретінде клуб тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары қатысты. «Күштік көпсайыс» бағдарламасы айтарлықтай көп болды. Топтарға қызықты, кейде өте күрделі тапсырмалар ұсынылды. Бұл еліктіретін жарыстың әр кезеңі тартысты өтті. Жанкүйерлер мен көрермендер болып жатқан жағдайларды бақылап, уайымдап тұрды. Спорттық екпін мен жеңіске жетуге деген ынта балалардың көңілдерін жаулағаны соншалық, олар жан-жағындағы болып жатқан нәрселерге мән берген жоқ. Залда балалардың күлкісі мен шуы, қуанышы естілді. Барлығы бақытты болды. Ал балалардың көзіндегі қуанышты көру мерекені ұйымдастырушы адамдарға үлкен марапат. Барлық топтар сергектік күшін жинап, көп жақсы әсерлер алды.