ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Біз еліміздің болашағымыз
08-07-2016 10:37
2016 жылы Астана күні қарсаңында Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығымен ұйымдастырылған «Жас Ұлан» құрылғанына 5 жыл және Қазақстан Республикасы Астана Күніне арналған «Біз еліміздің болашағымыз» жасұланшылар III қалалық форумы өткізілді. Форум 2015-2016 оқу жылының балалар мен жасөспірімдер ұйымы жұмысының қорытындысын жасады. Форум қатысушылары жоғары сынып көшбасшылары және республикалық, қалалық байқау жеңімпаздары, Балалардыың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының қалалық жобаларында, өзін-өзі басқару Кеңесінде белсенді қатысқан 38 жалпы білім беру мектептерінен 111 оқушы қатысты. Қалалық «Жас Ұлан» үйлестірушісі Ахметова Манзия Ермекқызы баяндама жасады, ол форумның пленарлық бөлімінде жасалған жұмыс туралы ақпараттық шолу жасады. Қосымша баяндамашылар мектептің өзін-өзі басқару жұмысы және мектеп омбусменнің жұмысымен ерекшеленген № 25 ЖОМ оқушысы Абелдинова Ажар және № 25 ЖОМ оқушысы Байғожина Сабина тәжірибелерімен бөлісті. Форум қонақтары – пионер қозғалысының ардагерлері Абылкасова Зауреш Асылханқызы және Аксенова Виктория Федоровна, «Жас Отан» «Нұр Отан» партиясы Жастар қанаты облыстық аппарат филиалының басшысы Сарсенов Оразали Төлегенұлы, әкелер Кеңесінің өкілдері Чернышов Максим Николаевич, Конопля Вячеслав Александрович жиналғандарды мерекемен құттықтады және жұмыстарына табыс тіледі. 2016 жылы қазанда жоспарланған, қалалық жасұланшылар Құрылтайын өткізуге белсенді дайындауды бастауға барлық балалар бірлестігіне кепілдеме берілді, бірлескен шығармашылық және басқа шараларды өткізу туралы облыс, қала жастар ұйымы мен құзырлық мемлекеттік бөлімдерге хабарласып, алдымыздағы жылда қызықты әлеуметтік - маңызды жобаларды жүзеге асыру, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін түрлендіру қажет. Форум жұмысының қорытындысы Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының грамоталары және құрметті белгілерімен балалар ұйымындағы шығармашылық жұмысы үшін жоғары сынып көшбасшыларын марапаттау болды, оны ББУҚШО басшысы Павловская Наталия Алексеевна табыс етті. Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының «Біз біргеміз» ұзақ мерзімді жобасына қатысып жүлделі орын алған №14, 19, 22, 25, 26, 40, 43 мектеп аға тәлімгерлеріне алғыс білдірілді. Делегаттар форумнан шабыттанып, толық шығармашылық ойлар және идеялармен кетті.