6 шілде «Астана күніне» арналған қалалық мерекелік жеңіл атлетикалық жүгіру өтті. Жарысқа жүгіруді ұнататын және қалаған адамның барлығы қатыстырылды. Қатысушылар жастары бойынша бөлінді, жас спортшылар да, спорт ардагерлері де қатысты. Қашықтық 2 және 4 километр болды. Сол жарыс аралығында спортты жекпе-жек мықты болды. Қатысушылардың көңіл күйлері көтеріңкі болғандығы соншалық, жауған жаңбыр да оны түсіре алмады. Жарыс жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Жарыс соңында бас төреші жеңімпаздарды мадақтамалар мен ақшалай сыйлықтармен марапаттады.