Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
КЕРЕКУ – 25
28-06-2016 02:59
Астана күнін мерекелеу қарсаңында Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығында қала мектептерінің жасөспірімдері мен балалары үшін «Кереку – 25» атты бейіндік аусым ұйымдастырылды. Аусым біздің еліміздің ұлы күніне арналады: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы. № 29, 2,15, 19, 34, 14, 41, 9, лицей № 20, 18, 35, 43, 25,26 мектептерден 140 оқушы жиналды. Балалар үш командаға бөлінді. Аз уақытта атау, ұран және отряд өлеңін таңдады. Отряд таныстыру рәсімінен кейін жасөспірімдер станция бойынша ойында іскерлік, тапқырлық, күштерімен жарысты. Бірге өткізген екі сағатта олар достасты және командалық рухты шығарды. Көптеген балалар алғаш рет сахнаға шықты және өз шығармашылық мүмкіншілігін ашты. Бірінші күн қорытындысы жеңіс орындары үшін күрес емес, ұйымшылдық және өзін-өзі таныту. Алдыңғы аусымда осындай мектепті өткен балалар нұсқаушы көмекшілері болды. Оларды ертең жаңа қызықты істер күтуде. Ұстаздар өзара көмек және ұжымдық сезім тәрбиесін өз мақсаттарына қойды, соңғы қорытындысында осыған жетті.