ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Білім берудегі инновациялық тәжірибе: уақыт талабы» ІІ Республикалық педагогикалық оқуларының қорытындысы
24-06-2016 11:45
«Білім берудегі инновациялық тәжірибе: уақыт талабы»  ІІ Республикалық педагогикалық оқуларының қорытындысы

23-24 маусым күндері Павлодар қаласында «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы» II Республикалық педагогикалық оқулары өтті.

Педагогикалық оқулардың негізгі мақсаты: білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату.

Облыстық кезеңде Павлодар облысының білім беру ұйымдарының 118 педагогикалық қызметкері қатысты, олар Педагогикалық оқулардың басым бағыттары бойынша 94 жұмыспен таныстырды. Павлодар қаласының 17 қатысушыларынан 14 жеңімпаз бен жүлдегер атанды.

Қала командасының 3 жеңімпазы Республикалық педагогикалық оқуларының финалдық кезеңіне қатысты: №16 лицей-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанар Жұмағұлқызы Жақсылықова, №96 сәбилер-балабақшасы – «Радуга» ҮДО» МҚКК жетекшісі Гүлсім Нәжмиденқызы Оразалинова, «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК педагогі Ирина Александровна Ефимова. Барлық қатысушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.

«Дамушы білім беру ортасы бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде» стратегиялық зертханасы

І орын- №16 лицей-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанар Жұмағұлқызы Жақсылықова.

«Азаматтық белсенділікті, патриотизмді және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру қосымша білім беру жағдайында тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру негізі ретінде» стратегиялық зертханасы

ІІ орын- «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК педагогі Ирина Александровна Ефимова.

«Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасының ғылыми-әдістемелік, мазмұндық, технологиялық және ресурстық негіздерін жаңарту» стратегиялық зертханасы

ІІІ орын- №96 сәбилер-балабақшасы – «Радуга» ҮДО» МҚКК жетекшісі Гүлсім Нәжмиденқызы Оразалинова.

Педагогикалық оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Барлық қатысушыларға зор денсаулық, бақыт, табыс пен сәттілік тілейміз!

Әдістемелік кабинет меңгерушісі

Ш.С.Нұрахметова