ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Патриот күні
23-06-2016 11:46
Патриот күні
22 маусым – Ұлы Отан соғысын еске алу күні Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығында «Мен – патриот» шарасы өтті. «Көшбасшылық және Абыройлық» жоғарғы сынып –көшбасшылары балалар -жасөспірімдер ассоцациясы және «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар - жасөспірімдер ұйымының бейіндік аусым шеңберінде ұйымдастырушылар осы күнге патриоттық сабақтар циклын арнады: дөңгелек үстел әңгіме, дискуссиялық сағат, викторина, сөзжұмбақ шешу. Шара аяқталғаннан кейін балалар Жеңіс Күнінің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында ашылған №14 ЖОМ Әскер Даңқы мұражайына саяхат жасады. Балалар мұражайда Отанымыздың соғысқа кетіп, содан оралмаған солдаттар және ардагерлер туралы бай материал сақталғанын танып білді. Ізшілер және іздеушілер екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Отанын қорғаған өздерінің жерлес –солдаттары туралы материал жинады, олардың фотосуреттерін және жеке киімдерін экспозицияға орналастырды. Күн оқиғалармен толықтырылды және жасөспірімдердің есінде ұмытылмас із қалдырды.