Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп директорларының орынбасарлары мен әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған Жазғы мектеп
23-06-2016 11:40
Мектеп директорларының орынбасарлары мен әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған Жазғы мектеп

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі кезең- кезеңмен жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде.

НЗМ тәжірибесін тарату асырылуда. Жаңартылған білім беру мазмұнына кезеңмен көшу базасы дайындалды. Бастауыш сынып мазмұнының МБС қабылданды.

Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту екі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Біріншісі - 2015-2016 жылдың 1 қыркүйек айынан жалпы орта білім беру мектептерінің 1 сыныптарынан бстап толығымен жаңартылған білім беру мазмұнын кезеңмен енгізу.

Жаңа оқу жылы басталмас бұрын 1-сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер білім беру мазмұнын жаңарту бойынша курстан өтеді, сонымен қатар, оқыту мен оқу әдістемесімен және критериалды бағалау жүйесімен таныс болады.

Білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰОПАҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПМБАИ негізінде 20-21 маусым күндері мектеп директорларының орынбасарлары мен әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған Жазғы мектеп отырысын өткізді.

Жазғы мектеп жұмысы аясында жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасына шолу жасалды. Бастауыш сынып бойынша оқыту бағдарламасы мен жоспарының жүйесі қарастырылды. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу жетістіктерінің критериалды бағалау жүйесі талқыланып, жиынтық бағалауға да көп көңіл бөлінді.

Жазғы мектеп қатысушылары топпен жұмыс істеп, критериалды және жиынтық бағалаудың ерекшеліктерін біліп, ұзақ және орта мерзімді жоспарлардың қатынасын қарастырып осы жоспарлар негізінде қысқа мерзімді жоспар құрастыруға үйренді.

ПМБАИ аға оқытушысы, тренер Т.А. Евсюковамен бірлесіп істелінген нәтижелі жұмыс арқылы директор орынбасарлары мен әдістемелік бірлестік жетекшілері жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттеріне сай өз тәжірибелеріне жаңа тәсілдерді енгізу үшін көптеген мәлімет пен білім алды.

Қаламызда инновацияларды қолайлы енгізу бойынша негізгі шарттар қалыптасқан.

Жазғы мектеп жұмысына 40 әдістемелік бірлестік жетекшілері мен директор орынбасарлары қатысты.

Тек өздігінен білім алып, өз білімін жетілдіріп отыратын, қазіргі заманға сай технологияларды жетік меңгеруге талпынатын білікті педагог қана толық білім ортасын құра алады.

Барлықтарыңызға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!

Ш.С Нұрахметова,

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі