Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Робот техникасы» элективтік курсы бойынша біліктілікті арттыру курсы
09-06-2016 09:10
«Робот техникасы» элективтік курсы бойынша біліктілікті арттыру курсы

2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептерінде білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыру аясында «Робот техникасы» - элективтік курстың оқу жоспарына енгізу бойынша педагогтердің оқытуы жоспарлануда.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ 2016 жылғы 6 маусымнан бастап 22 шілде аралығында «Робот техникасы» элективтік курсы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсын жүргізуді бастады.

«Робот техникасы» элективтік курсы бойынша мұғалімдерді оқыту Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында 16 қалада өткізіледі. Осы ретте біліктілікті арттыру курстарында үш мыңға жуық информатика мұғалімдері оқитын болады.

Бүгінгі күні Павлодар қаласының білім беру бөлімімен 17 мектеп «Робот техникасы» кабинеттеріне сұраныс берілді, оның ішінде орта буын оқушыларына -9 кабинет, жоғары буын оқушыларына -8 кабинет.

Тағы бір айта кететін мәселе 1 кабинетке 15 комплект құрал кіреді. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларын оқыту үшін әр кабинетке 15 ноутбук және бағдарламалық жабдықтау қажет.

Жаңа оқу жылының басталуына дейін 86 мектеп басшылары мен педагогтер курстан өтеді, оның ішінен 4 педагог ақылы курстан өтті.

6 маусымнан бастап 17 қала мектептерінің ішінен 34 информатика мұғаліміне, сонымен қатар 17 мектеп директоры мен 31 түрлі пән мұғалімдеріне курс басталады.

Курстың бағдарламасы орта білім берудің қазақстандық жүйесіне енгізілетін педагогикалық инновациялар мәнмәтінінде әзірленді. Курс аясында педагогтер «Робот техникасы» элективтік курсының негіздерімен, Lego mindstorms EV3 Education жинағымен, роботтарды құрастыру және бағдарламалау элементтерімен танысады.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде STEM қағидаларына негізделген «Робот техникасы» курсы жүргізіледі: бұл science (ғылым), technology (технология), engineering (инжиниринг) және mathematics (математика) бойынша оқытылады, оның міндеті нақты ғылымдарды оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалану болып табылады. «Робот техникасы» курсын оқыту оқушылардың инженерлік және дизайндық-ойлау, математикалық моделдеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Бағдарламаның мақсаты:

  • Жалпы білім беретін ұйымдарда «Робот техникасы» элективтік курсын іске асыруды шығармашылық және практикалық негізде оқыту.

Бағдарламаның міндеті:

  • «Робот техникасы» элективтік курсының құрылымымен, мазмұнымен, мақсаттарымен және міндеттерімен мұғалімдерді таныстыру;
  • мұғалімдердің шығармашылық, жобалау-зерттеушілік, және конструкторлық дағдыларын дамытуға ықпал ететін педагогикалық тәсілдерімен таныстыру.

Әрбір тыңдаушыға мынадай оқу-әдістемелік кешен беріледі:

  • Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы
  • Мұғалімге арналған нұсқаулық
  • robotics.nis.edu.kz сайтындағы үлестірме материалдар мен таныстырылымдар

Курстың ұзақтығы 2 аптаны құрайды (80 сағат).

Тыңдаушылар шағын топтарда жұмыс істейді, сабақты жоспарлау кезінде практикалық білімді іске асырады. Курстың қорытындысы бойынша мұғалімдер портфолиосын бағалаудан өтеді, онда курс бойынша 34 сабақ жоспары қамтылған.

Мұғалімдерді курстан кейінгі қолдауды робот техникасы тренерлері мен мұғалімдерінің желілік қоғамдастығының құралдары арқылы robotics.nis.edu.kz, www.cpm.kz сайтында жүргізу көзделген.

Ш.С Нұрахметова,

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі