Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуге дайындық кезеңі
03-06-2016 09:44
Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуге дайындық кезеңі

2011-2015 жылдары Қазақстан мектептерінде білім берудің басымдықтары ретінде жаңартылған мазмұнға көшу дайындық және инфрақұрылым дамуы болды. НЗМ тәжірибесімен алмасу жүзеге асырылуда. Мектептегі білім берудің мазмұнын жаңарту бойынша кезең-кезеңмен көшуге база дайындалды. Бастауыш білім берудің МБС қабылданды. Республиканың 30 пилоттық мектептерінде, сонымен қатар, Павлодар қаласының №39 мектебінің екі бірінші сыныптарында жаңартылған оқу бағдарламалары сынақтан өткізілуде.

НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығымен әзірленген жаңа үш деңгейлі бағдарлама бойынша 2012-2016 жылдары курстан - 637 қала мұғалімі, 8 директор, 10 қала директор орынбасары, және 3 тренер өтті.

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту екі бағытта жүзеге асырылады.

Орта білім мазмұнын жаңартудың бірінші кезеңі бірінші сыныптан 2016 жылдың 1 қыркүйек айынан басталады.

Екінші кезеңі Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту біртіндеп енгізіледі.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі орта білім мазмұнын жаңарту барысында педагогтердің біліктілігін арттыру жоспарлы түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2016 жылдың 13 маусымнан бастап жалпы білім беру мектептерінің тыңдаушыларына курстар жүргізу үшін 68 тренер біліктілігін арттыру курсын өтеді.

Сонымен қатар 2016 жылдың 1 маусым мен 5 тамыз аралығында облыс бойынша барлық 685 педагогтің ішінен 363 педагогті оқыту жоспарланып отыр.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы базасында 100 қала мұғалімі, «Өрлеу» БАҰО» АҚ базасында – 263 мұғалім: оның ішінде облыстың 160 бастауыш сынып мұғалімдерінің ішінен 84 қала мұғалімі, облыстың 164 қазақ тілі мұғалімдерінің ішінен 77 қала мұғалімі, облыстың 95 ағылшын тілі мұғалімдерінің ішінен 46 қала мұғалімі, облыстың 201 бейнелеу өнері мұғалімдерінің ішінен 50 қала мұғалімі, облыстың 65 дене шынықтыру мұғалімдерінің ішінен 30 қала мұғалімі, 29 музыка, 47 орыс тілі мұғалімдері оқудан өтеді.

Курс аясында педагогтер оқыту мен оқудың әлемдегі өзекті әдістемелерімен, критериалды бағалау жүйесімен танысады.

Орта білім мазмұнын жаңарту бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының мазмұны мына мәселелерді қамтиды:

  • пәнаралық ықпалдастық;
  • оқытудан күтілетін нәтижелер;
  • үздіксіз оқу;
  • қызметтік тәсіл;
  • минимакс ұстанымы;
  • саралап оқыту;
  • оқу жетістіктерін бағалау жүйесі;
  • үштілдік оқыту;
  • шығармашылықты дамыту;
  • психологиялық жайлылық.

Курс аяқталған соң мұғалімдер курстардың өткізілетін орындары бойынша тестілеуден өтеді. Тестілеу тапсырмалары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленеді.

Робототехника- арнайы курстың оқу жоспарына енгізу бойынша педагогтердің оқытуы жоспарлануда.

Жаңа оқу жылының басталуына дейін 86 мектеп басшылары мен педагогтер курстан өтеді, оның ішінен 4 педагог ақылы курстан өтті.

6 маусымнан бастап 17 қала мектептерінің ішінен 34 информатика мұғаліміне, сонымен қатар 17 мектеп директоры мен 31 түрлі пән мұғалімдеріне курс басталады.

Әдістемелік кабинет осы бағыт бойынша жоспарға сәйкес 2016 жылғы маусым айында директор орынбасарлары мен әдістемелк бірлестік жетекшілеріне арналған Жазғы мектеп өткізеді.

Барлықтарыңызға сәттілік пен табыс тілейміз!

Ш.С.Нұрахметова,

білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі