Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Ұстаздардың іс-әрекет ұйымдастыру ойындары-2016»
20-05-2016 12:58
«Ұстаздардың іс-әрекет ұйымдастыру ойындары-2016»

Әдістемелік кабинетінің мектеп мұғалімдерімен іскерлік бағыттарының бірі – орнықты кәсіптік біліммен инновациялық ойлау және тәжірибе-бағдарлық, ізденушілік тәсіл арқылы нақты білім беру мәселелерін шешу болып табылады.

Оқыту процесінің жобалау және бұл жобаны әрі қарай іске асыру , технология деңгейіне өту мұғалімге кәсіпқой болуға, жеке тұлғасын дамытып, білім берудің баламасын шығарады және бағдарламаның авторы, яғни мұғалімнің шығармашылығының дамуына жаңа белестер ашылады.

Әр мектептің оқу-тәрбие процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу бойынша жаттықтырушыларды дайындау үшін 3 жылдық іс-әрекет ұйымдастыру ойындары ұйымдастырылды. Теориялық материалды оқып білетін қатысушылар, тәжірибеде осы 10 технологияны іске асырып, демалыс кезінде меңгереді, мектеп қауымдастығында апробациялап, жинаған мектеп материалдарының сараптамасына қатысады.

Бүгінгі таңда қала мектептерінің мұғалімдері 78% оқу-тәрбие процесіне жаңа педагогикалық технологияларды белсенді енгізіп келе жатыр.

Жаттықтырушы мектебінде қорытынды отырысында жыл сайын сынақ жүйесі ұйымдастырылады және тамыз педагогикалық оқуларда жаттықтырушыларға сертификаттар табысталады.

№42 мектеп базасында кезекті мектеп және қала деңгейіндегі жаттықтырушы мәртебесін қорғау өткізілді.

360 қатысушыдан өзінің тәжірибесіне инновациялық технологияларды енгізетін және қала, мектеп деңгейінде өзінің тәжірибесін тарататын 57 мұғалімге қорғауға рұқсат етілді.

Мектеп деңгейіндегі жаттықтырушы мәртебесіне 26 үміткерден 11 мұғалім, қала деңгейіндегі жаттықтырушы мәртебесіне 31 үміткерден 16 мұғалім жаттықтырушы мәртебесін қорғап шықты.

Мектепте мұғалімнің инновациялық істерге дайын болуы, жеке дамуының қызығушылығы, кәсіптік құзыреттілікті шыңдайтын жаңа формаларын іздеу туралы мұғалімдердің пікірі іс-әрекетті ұйымдастыру ойындарының құндылығын көрсетеді.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

Ш.С.Нұрахметова