ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«V Өркенің өссін ! » қалалық сайысының қорытындысы туралы
12-05-2016 08:22
«V Өркенің өссін ! » қалалық сайысының қорытындысы туралы

«V Өркенің өссін ! »

қалалық сайысының қорытындысы туралы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына қосымша «2015-2016 жылдарға арналған қалалық тілдерді қолдану мен дамыту Мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 11мамыр күні № 2 мектебінің базасында Павлодар қаласының оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептерінің 7 сынып оқушылары арасында «V Өркенің өссін!» қалалық сайысы өткізілді.

Халқымыздың ата – бабадан келе жатқан, бірақ кейінгі кезде елеусіз қалған ұлттық асыл мұрасын, отбасылық тұрмыс – салтын, жақсы үлгі - өнегесін, ізгілікті сән – салтанатын, кіші мен үлкенді сыйлауды, мейірімділік, парасаттылық сияқты үлгі істерін насихаттау. Баланың ой - өрісін ізденімпаздыққа, жан – жақтылыққа шақыру, кемел болашақтың ұл-қыздарын тәрбиелеу, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен білім деңгейлерін анықтау конкурстың негізгі мақсаты болды. Конкурсқа қала мектептерінің көпшілігі қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік танытты. Жалпы сайысқа қатысушы оқушылардың дайындық деңгейлері сайысқа қатысудың ереже талаптарына сәйкес екенін айтуға болады.

Конкурсқа қатысуға қазақ тілінде оқытылатын 7 сыныптары бар 22 мектептің 20 мектебі өтініш беріп, іріктеу кезеңінен 12 мектебі өтті, олар: № 2, 4, 17, 21, 25, 26, 33, 35, Кенжекөл мектептері ақтық кезеңге жолдама алды.

Сайыс қорытындысы бойынша:

Бас жүлдеге –№ 35 ЖОМ «Атамекенім» командасы ие болды;

І орынды – Кенжекөл ЖОМ «Алаш ұрпақтары» командасы алды;

ІІ орынға № 37 мектебінің «Шапағат» командасы ие болды;

ІІІ орынды № 17 мектептің «Көк бөрілер» командасы иеленді.

№ 40 мектептің «Мәуелі бақ» командасына алғыс хат табысталды.