ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Отанымыздың жас патриоттарын тәрбиелеудеміз
06-05-2016 13:06
Отанымыздың жас патриоттарын тәрбиелеудеміз
Мектепке дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беруде халық және мемлекет тарихының мәселелері маңызды орын алады. Осылайша «№96 сәбилер бақшасы – «Радуга» ҮДО» МҚКК қалыптасқан дәстүр бойынша «Батырларымызды мақтан тұтамыз» атты онкүндік өтті. Онкүндік шеңберінде педагогтар «Қазақстандықтар Жеңіс күнінде», «Олар Отан үшін шайқасты», «Әрқашан бейбітшілік болсын», «Жеңіс күні», «Отан, ерлік, даңқ туралы» тақырыптарында сабақтар өткізді. Ата-аналармен бірге «Білектілер мен жүректілер жарысы» атты спорттық мереке ұйымдастырылды. Орталықтың тәрбиеленушілері «Ардагерлерге арналады» халықаралық суреттер конкурсына қатысты. Мектепке дейінгі ересек балалар «Естелік және даңқ» жобасын ұсынды. «Жердегі бейбітшілік және достық үшін» атты әдеби-музыкалық композиция онкүндіктің қорытындысы болды. Көрермендер назарына вокалдық және би номерлері ғана емес, сонымен қатар түрлі эстафеталар да ұсынылды. Балалар ерлік, батылдық туралы мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, «Отан қорғаушылары жайлы не білемін?» викторинасына қатысты. Бұл іс-шара ересектер мен тәрбиеленушілердің арасында өзара диалог құруға ықпал етті, балалардың бойындағы зерттеу, жасампаздық және танымдық қызметті дамыта түсті. Негізін балалық шақтан қалағанда ғана Отанын сүйетін нағыз патриотты тәрбиеледік деп үміттене аламыз.