Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде «Павлодар қаласының № 28 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінде білім беру бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық секторымен бірлесе «Қуан сәби» акциясы өткізілді. Аталған іс-шараның шеңберінде № 28, 30, 16 мектептің қамқоршылары мен патронаттық тәрбиешілердің кездесуі өтті. Соңынан іс-шара мерекелік концертпен аяқталды. Балаларға «Мен және менің отбасым» атты сурет байқауы ұйымдастырылды, балаларға сыйлықтар мен тәтті тағамдар таратылды. Балалар қамқоршыларына өз қолдарымен жасаған «Қуан сәби» мерекесінің талисманы «Күн бейнесін» сыйға тарту етті.