ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Білім жолы» зияткерлік марафонының қорытындысы
25-04-2016 08:31
«Білім жолы» зияткерлік марафонының қорытындысы

Павлодар қаласы № 37 жалпы орта білім беру мектебінде 2016 жылғы 22 сәуір күні «Білім жолы республикалық зияткерліқ марафонының облыстық кезеңі өткізілді. Марафон мақсаты – оқушылардың таным белсенділігін қолдау және дамыту, балалардың шығармашылық қабілетін айқындау. Марафон ұйымдастырушылары: «Асыл бала» республикалық ассоциациясы; «КАДУ» мектепке дейінгі мекемелердің қазақстандық ассоциациясы; «UCMAS KAZAKHSTAN» менталдық арифметика халықаралық орталығы; Павлодар облысының білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО. Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар, жеңімпаздарга дипломдар мен сыйлықтар табысталды. «Зияткерлер» номинациясында Павлодар қаласы № 29 балабақшасының «Мерей» командасы, «Білім құмарлар» номинациясында №42 оқу-тәрбие кешенінің «Достар» командасы, «Жас данышпандар» номинациясында №122 мектепке дейінгі гимназия-балабақшасының «Бірлік» командасы, «Алтын глобус» номинациясы бойынша Павлодар қаласы №37 ЖОББМ-нің «Үшқын» командасы, «Эрудиты» номинациясы бойынша Павлодар қаласы №39 ЖОМ-нің «Прометей» командасы марапатталды.