Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Көптілділік - білім беру кеңістігінде
18-04-2016 05:32
Көптілділік - білім беру кеңістігінде

Қалалық білім беру бөлімі "Үш тілде білім беру бойынша ең үздік әдістемелік-дидактикалық материалдары" қалалық кезеңіне ұсынылған 27 жұмыстан 21 жұмысты облыстық конкурсына жіберді.Облыстық іріктеу кезеңінен 14 жұмыс қорғау кезеңіне өтті. Облыстық білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы 2016 жылғы 15 сәуірде «Үш тілде білім беру бойынша ең үздік әдістемелік-дидактикалық материалдары» облыстық конкурсын өткізді. Конкурсқа 43 мұғалім қатысты. Ең көп қатысушы Павлодар қ. - 14, мамандандырылған мектептерден - 12. Конкурс 4 бағыт бойынша қорытындыланды. «Көптілділік бойынша үздік арнайы курс бағдарламасы» номинациясында Павлодар қ. №42 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Нихаева Светлана Андреевна «Адам денсаулығын қорғау» арнайы курсы үшін І дәрежелі дипломмен, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Павлодар қ. №42 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Нихаева Светлана Андреевна «Іскер ағылшын тілі» арнайы курсы үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Көптілділік бойынша үздік жинақ» номинациясында Павлодар қ. № 42 ЖОМ тарих мұғалімдері Булатбаева Кульжанат Нурымжановна, Айтчанова Зульфия Дюсембаевна «Қазақстан тарихы» пәнінен «Когнитивті-коммуникативтік технология бойынша оқыту орыс тілді 7-8 сыныптарда көптілділік бойынша жинағы» үшін І орынды иеленді.

Павлодар қ. №14 ЖОМ математика мұғалімі Сыздықова Айжан Төлегенқызы көптілділік бойынша «Білімді бақылау бойынша алгебрадан 7-сыныпқа арналған жинақ» үшін ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жұмыстары «Үш тілде білім беру бойынша ең үздік әдістемелік-дидактикалық материалдары» облыстық жинағына енеді.

Ш.С.Нұрахметова

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі