ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көктемгі жеңіс
04-04-2016 04:18
Көктемгі жеңіс
Көктемгі каникул облыстық «Күй тартыс» және «Жас теорияшы» конкурстарына белсенді қатысқан музыка мектебінің тәрбиеленушілеріне ұмытылмас жарқын көңіл-күй сыйлады. 2016 жылғы 25 наурызда М. Катаев атындағы оқушылар сарайында VI облыстық «Күй тартыс» конкурсы өтті. Аталған іс-шара екі жылда бір рет өткізіледі. Конкурсқа облыстың Павлодар, Баянауыл, Майқайың, Шарбақты өңірлерінен талантты балалар қатысты. Күні бойы сахнадан халық музыкасының нағыз мерекесін қыздырған Құрманғазы, Дәулеткерей, Желдібаев, Д. Нүрпейсованың өшпейтін күйлері ойналды. Конкурс екі кезеңнен тұрды: «Күй тартыс» бірінші кезең - алты күйді үздік білу жарысы және музыкалық аспапты (домбыра) вертиозды меңгеру. Екінші кезең – шертпе күйді орындау. Жан-жақты қазылар алқасы кәсіби шеберлік деңгейін, сахна образы, орындау шеберлігін бағалады. Мектебіміздің оқушылары Сүлейменова Айсана (педагог Абжанова Г.А.) және Бакытова Айшат (педагог Ермекбаев К.М.) нағыз кәсіби және сахна байсалдылығын көрсете отырып, конкурста лайық өнер көрсетті. Конкурс нәтижелері бойынша Бакытова Айшат ІІ дәрежелі лауреат атанды. 26 наурызда «Музыка колледжі – дарынды балаларға арналған музыка мектебі» кешені мемлекеттік мекемесінде Иса Байзақовтың 110 жылдығы және Жаяу Мұсаның 180 жылдығына арналған музыкалық-теориялық пәндер бойынша «Жас теорияшы» конкурсы өткен болатын. Қатысушылар музыка сауаттылғы бойынша презентация көрсетіп, диктант жазып, сондай-ақ парақтан өлең айту іскерлік дағдыларын танытты. Мектебіміздің оқушылары Амангелді Диана ІІ орын, Өтетілеуова Мөлдір шынайы презентациясы үшін грамотамен марапатталып, жақсы нәтиже көрсетті.