ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Абай оқуларының қорытындысы
01-04-2016 09:29
Абай оқуларының қорытындысы
«XVІІ Абай Құнанбаев» және «VІ Адамдық борышың ... Шәкәрім Құдайбердіұлы» қалалық оқуларының қорытындысы туралы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2015 -2016 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын» іске асыру мақсатында № 35 жалпы орта білім беру мектебінде қала оқушыларының арасында қазақ әдебиетінің бас ақындары - «Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы егіз ұғым дегенді» оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатымен қалалық деңгейде 2016 жылғы 30 наурызда дәстүрлі қалалық «XVІІ Абай Құнанбаев» және «VІ Адамдық борышың ... Шәкәрім Құдайбердіұлы» оқулары өткізілді. Қазақтың ұлы ойшыл ақындары-Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып олардың өнерінің шыңдала түсуіне сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу оқудың негізігі мақсаты болды. Қалалық деңгейде өткен оқуға қала мектептерінің көпшілігі қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік көрсеткен мектептер: № 1, 2, 5, 6, 7, 11, 12, 17, 19, 20, 21, 22, 24, 26, 29, 30, 33, 34, 35, 36, 37,39, 40, 41,43. (25 мектептен 96 оқушы қатысты). Мына мектептер салғырттық танытып мүлдем қатыспады: 4, 9,14, 16, 18, 23,27, 28, 31,32, 38,42, Кенжекөл, Жетекші. «XVІІ Абай Құнанбаев» оқулары бойынша: «Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу номинациясынан: Бас жүлдеге № 37Ж ОМ, 6 сынып оқушысы Нұғыман Лейла ие болды; І орынға –№25 ЖОМ, 7 қазақ сынып оқушысы Қазбекова Жансая иеленді; ІІ орындарды – № 19 ЖОМ, 5 сынып оқушысы Тюлеубаева Камила және № 35 ЖОМ, 5 сынып оқушысы Шакирова Жадыра алды. ІІІ орындарды - № 41 ЖОМ, 5 орыс сыныбы оқушысы Басова Ирина мен № 39 ЖОМ, 5 қазақ сыныбы оқушысы Садыкова Индира және № 11 ЖОМ, 7 орыс сыныбы оқушысы Юдкина Светлана қол жеткізді. Марапаттау дипломына мына мектептер оқушылары ие болды: №7, 17, 12, 38, «Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас ақындар шығармашылығы номинациясынан: Бас жүлдеге № 38 ЖОМ, 8 қазақ сыныбы оқушысы Гүлнар Жанболат ие болды; І орынды – № 37 ЖОМ, 11 сынып оқушысы Майылхан Нұрсұлтан иеленді; ІІ орындарды– № 17 ЖОМ, 7 қазақ сыныбы оқушысы Усаханова Айсана мен №39 ЖОМ 5 сынып оқушысы Болатбек Бекжан алды. ІІІ орындарды - № 35 ЖОМ, 10 сынып оқушысы Жанғали Әділ және № 12 ЖОМ, 6 сынып оқушысы Саябеков Бауыржан қол жеткізді. Марапаттау дипломына мына мектептер оқушылары ие болды: № 22,7,25. «Көңiлiм әндi ұғады» әндер орындау номинациясынан: Бас жүлдеге № 37 ЖОМ, 11 сынып оқушысы Майлхан Нұрсұлтан ие болды; І орынға –№ 29 ЖОМ, 6 сынып оқушысы Салкимбаев Сүйеніш иеленді; ІІ орындарды – № 25 ЖОМ, 7 сынып оқушысы Тұрар Зейнолла мен № 12 ЖОМ, 6 сынып оқушысы Айбекова Ақерке алды. ІІІ орындарды - № 35 ЖОМ, 9 сынып оқушысы Каратаева Камила және № 19 ЖОМ, 26 орыс сыныбы оқушысы Мананникова Анна қол жеткізді. Марапаттау дипломына мына мектептер оқушылары ие болды: 17, 40,39. «V Адамдық борышың ... Шәкәрім Құдайбердіұлы» оқулары бойынша: Бас жүлдеге №12 мектептің 8 сынып оқушысы Нұрәділ Нұржамал І орынға №30 мектептің 6 сынып оқушысы Сүлейменова Бақытгүл ІІ орынға №37 мектептің 6 сынып оқушысы Қуанышбек Ділнәз ІІІ орынға№33 мектептің 6 сынып оқушысы Кунашева Ділнұр ие болды. Облыс көлемінде өткізілетін «XVІІ Абай Құнанбаев» оқуларына қатысу жолдамаларына ие болған үш оқушы БАС ЖҮЛДЕ иегерлері: «Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқудан № 37 ЖОМ, 6 сынып оқушысы Нұғыман Лейла; «Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас ақындар шығармашылығынан № 38 ЖОМ, 8 қазақ сынып оқушысы Гүлнар Жанболат; «Көңiлiм әндi ұғады» әндер орындауынан № 37 ЖОМ, 11 сынып оқушысы Маилхан Нұрсұлтан.