Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас ізденушілердің жеңісі
24-03-2016 06:41
Жас ізденушілердің жеңісі
2016 жылғы 16-18 наурыз күндері Щучинск қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 1 - 7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалары конкурсының республикалық кезеңі өтті. Қазақстанның барлық өңірлерінен конкурсқа 400-ден астам жас ізденушілер қатысты. Павлодар облысынан конкурстың қорытынды кезеңіне облыстық турдың жеңімпа 20 оқушы қатысқан. Біздің жас таланттар математика, валеология, медицина, химия, биология, әдебиет, тіл білімі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану пәндері бойынша 17 жобаны ұсынды. Конкурстың қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы 8 бірінші, 4 екінші, 2 үшінші жүлделі орындарды жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. І орынды «этномәдениеттану» секциясында, Павлодар қаласы № 21 ЖОМ-нің 4 сынып оқушысы Туркбенова Сабина «экология» секциясында, № 11 ЖОМ-нің 5 сынып оқушысы Кертаев Натан секция бойынша иеленді. ІІ орынға Павлодар қаласы № 39 ЖОМ-нің 3 сынып оқушысы Ильченко Андрей «өлкетану» секция бойынша ие болды.