2016 жылғы 4-7 наурыз аралығында Чебоксары каласында «Дарындылықтың қанатында» халықаралық конкурс-фестиваль өтті. Қазақстан Республикасы мен Павлодар қаласының атынан жеке және ансамбльде ән айту бөлімінің оқушысы Полина Петрова өнер көрсетті. Полина эстрада вокалы номинациясында І дәрежелі лауреат атанып (педагог Наталья Георгиевна Кабурнеева, Гауһар Макеновна Қасқырбаева), академиялық вокал номинациясында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (педагог Олеся Николаевна Скорикова, концертмейстер Ирина Борисовна Петрова).