ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Үздік әдістемелік –дидактикалық құралдар-2016» қалалық байқау сайысының қорытындысы
11-03-2016 10:35
«Үздік  әдістемелік –дидактикалық құралдар-2016» қалалық  байқау сайысының қорытындысы
Павлодар қаласының білім беру бөлімі жыл сайын «Үздік әдістемелік –дидактикалық құралдар» атты мұғалімдердін шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында 2016 жылдың 4 наурызында байқау сайысын өткізді. Сайысқа тәрбие жұмысы, логопедия, психология, өзін-өзі тану және мектеп курсы бойынша 16- пәннен 245 жұмыс ұсынылды. Байқауға ұсынылған материалдар мазмұны ұсынушылардың мүмкіндіктерін толық көрсетуге және мұғалімдердің күнделікті жұмыстарын көрсетеді. Ұсынылған әдістемелік және дидактикалық құралдар өзекті және заман талаптарына сай. Байқау жұмыстың бастысы-мұғалімнің сезім тереңдігі, «мен» өзіндік іскерлігі, оқу үрдісінде психология мен менеджмент жетістіктерін оқу үрдісін жақсартуға пайдаланған. 2016 жылдың сайысы жаңа есімдерді ашты: тәжірибелі мұғалімдермен қатар сайысқа мамандығына шығармашылық көзқарасы бар жас мамандар да белсене қатысты. №№ 7,12,15,16,17,29,34,35 мектептердің мұғалімдері сайысқа жоғары белсенділікпен қатысты. Ең қауантарлығы сайыстың 121 жеңімпаз арасынан: 2 тәрбие жұмысы, 12 бастауыш сынып мұғалімдері, 18 қазақ тілі , 4 тарих , 11 шетел тілдері , 6 дене шынықтыру, 4 математика , 3 физика , 1 сызу, 4 химия, 3 информатика, 4 география, 6 орыс тілі, 3 музыка, 7 психолог және логопед ,4 биология, 1 өзін-өзі тану мұғалімдері және 6- бастауыш сынып, 7- қазақ тілі, 4- тарих,2- шет тілі, 2-математика, 2- физика,1 – химия, 2- география, 2- биология, 1- психология қалалық шығармашылық топтардың жұмыстары жүлделі орындарға ие болды. Заманауи педагогика мұғалімдердің шығармашылғы мен ізденісі арқылы мектептің табалдырығында тұрмай жаңашыл білім ошағына енеді. Ұстаздарға жаңа табыстар тілейміз!

Ш.С.Нұрахметова, Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

Ж.З. Геложутдинова, әдіскер