ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Ең үздік дене шынықтыру мұғалімі»
09-03-2016 13:11
«Ең үздік дене шынықтыру мұғалімі»
№29 жалпы орта білім беру мектебінде «Ең үздік дене шынықтыру мұғалімі» атты қалалық конкурс өткізілді. Аталмыш конкурстың негізгі мақсаты ретінде, мұғалімдердің өз тәжірибелерін көрсету мен жас мамандар жұмысын ынталандыру болды. Конкурста келесі мектептерден дене шынықтыру мұғалімдері қатысты: ЖОМ№29 Александрова Е. А., №24 Шибаков В. С., ЖОМ №30 Машимов Н.Ш., ЖОМ №40 Галиева Т.О., ЖОМ №33 Тнеева К.Р., ЖОМ №34 Скаков М.К., ЖОМ №36 Комкина А.В., ЖОМ №9 Слепкова Г.В, ЖОМ №41 Аюпов А.С., ЖОМ №25 Омаров С.М., ЖОМ №39 Нурпеисов А.Н., ЖОМ №16 Шарапова Ю.А. Конкурстың бірінші кезеңінде қатысушылар педагогикалық жұмыстың тәжірибесі жайлы презентация көрсетіп, жүргізілетін өзін-өзі жетілдіру жұмыстары жайлы баяндады. Конкурстың соңғы бөлімінде әр қатысушы оқытудың жаңа технологияларын, үш тіліді оқытуды қамтыған ашық сабақтар өткізді. Негізінен барлық сабақтар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қалалық конкурстың қорытындылары бойынша А.В.Комкина (№ 36 ЖОМ) және М.К. Скаков (№ 34 ЖОМ) жеңімпаз атанып, облыстық деңгейде қала намысын қорғады. Е.А. Александрова (№ 29 ЖОМ) және Е.В. Слепкова (№ 9 ЖОМ) жүлдегерлер қатарына ілінсе, № 33 ЖОМ К.Р. Тнеева лауреат, № 24 ЖОМ В.С. Шибаков және № 40 ЖОМ Т.О. Галиева алғыс хат иегерлері болды. Мұғалімдерге болашақта тек сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

Ш.С.Нұрахметова