ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас зияткерлердің кешенді олимпиадасы
05-03-2016 11:02
Жас зияткерлердің кешенді олимпиадасы

2016 жылғы 3 наурыз күні дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатының негізінде 5-6 сынып оқушылары арасында ІV облыстық кешенді олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 46 білім беру мектептерінен 138 оқушы қатысты. Бұл іс-шара оқушылардың 2015 жылдың қыркүйегінен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының негізінде жұмыс жасайтын «Талапкер» жас зияткер мектебіндегі оқу қорытындысы. Оқушылардың математикалық және жаратылыстану ғылыми дағдыларын тексеру мақсатында кешенді және құрылымдық тапсырмалар орындалды. Әр бағыт тапсырмалары мәтіндерінің мазмұны түрлі сұрақтарды қамтыды, сондықтан балалардың әр пән бойынша білімдерін қосуды талап етті. Мұндай тапсырмалар оқушылардың олимпиаданың талаптарына сәйкес өздігінен жұмыс істеулерін, жан-жақты ізденістерін, сынтұрғыдан ойлауларын және мәтінмен жұмыс істеулерін қалыптастырады. Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі Дипломдарымен – 10 оқушы, ІІ дәрежелі Дипломдарымен – 20 оқушы, ІІІ дәрежелі Дипломдарымен – 30 оқушы марапатталды. Олимпиаданың қорытындысында ІІ дәрежелі Дипломдарымен Павлодар қаласы №35 орта мектебінің оқушылары Кабиева Назгуль және Нуркаева Аружан, №26 орта мектебінің оқушысы Никитчук Арина, № 9 орта мектебінің оқушысы Валов Вадим, марапатталды. ІІІ дәрежелі Дипломдарымен Павлодар қаласы №35 орта мектебінің оқушысы Хасылбекова Асем, №9 орта гимназия-мектебінің оқушысы Гончаров Матвей, №25 орта мектебінің оқушысы Сулейман Нұрай; №26 орта мектебінің оқушысы Суслова Елена, марапатталды.