Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына баулу мақсатымен ең көңілді, әрі қызықты «Көңілді жарыстар – 2016» сайысы ұымдастырылып өткізілді. Әр командалар сайыстың қызықты жарыстарында өз шапшаңдықтарын, күштерін, ептіліктерін көрсете алды. Ең бастысы – сергектік қуатын ала алды! Сайыс жеңімпаздары №№ 7, 31, 42, 102 сәбилер бақшасыларының командалары атанды. Барлық жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осындай іс-шаралар мектеп жасына дейінгі балалардың жұмыла жұмыс жасап, бір-бірлерімен қарым-қатынастарын нығайтуға оң әсер етеді.