ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының нәтижесі
22-02-2016 11:52
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының нәтижесі
2016 жылғы 16 – 19 ақпан аралығында Алматы қаласында республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 700-ден аса оқушы қатысты. Павлодар облысынан конкурстың қорытынды кезеңіне 48 жобамен 65 оқушы, облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, өтті. Ғылыми сайыс 4 бағыт бойынша жүргізілді: экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу (секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика). ғылыми - техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны (секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар). таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі (секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау). Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі). Конкурстың қорытындысы бойынша I командалық жүлделі орынға Астана мен Алматы қалалары, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары, II командалық жүлделі орынға Абай атындағы республикалық жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, III командалық жүлделі орынға Ақтөбе облысы командалары ие болды. Павлодар облысының құрама командасы бірінші орынға ие болып, төрт алтын (2 командалық), бес күміс (1 командалық және 3 жеке) және он алты қола (5 командалық және 6 жеке) медальдарымен марапатталды. ІІ орын – Павлодар қаласы №25 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Жунусов Жантас. ІІІ орын – Павлодар қаласы №20 лицейінің 11 сынып оқушысы Болатбекқызы Ақбота. «Дарын» РҒПО-ың Құрмет грамотасымен марапатталды Павлодар қаласы №9 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Алдабергенова Анель.