ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Экологиялық ассорти» тақырыбында зияткерлік ойын
19-02-2016 03:21
Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында аттестатталатын ұстаздар онкүндігі көлемінде Наталья Николаевна Губарь Орталық балалар бірлестіктерінің оқушыларына арналған «Экологиялық ассорти» тақырыбында зияткерлік ойыны түрінде ашық іс-шарасын өткізді. Осы іс-шараны өткізу мақсаты белсенді танымдық қызметі арқылы оқушылардың экологиялық ойлауын қалыптастыру болды. Ұстаз мултимедиалық құралдары, шығармашылық тапсырмалар, қисынды ойлау сұрақтары, экологиялық және мәселелік жағдаяттарын қолдана білді. Ойын 8 сайыстардан құралды, әрқайсысы өзгешелігі мен жаңалығымен ерекшеленді. Іс-шараның қорытындылары бойынша жүлдегерлер грамоталармен марапатталды. Балалар зор қызығушылықпен сайыстарға қатысып, өз табыстарына қуанып қалды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!