Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Заманауи сабақ – 2016» интернет-фестиваль сайысының қорытындысы
16-02-2016 12:43
«Заманауи сабақ – 2016»  интернет-фестиваль сайысының қорытындысы
Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын Павлодар қаласының білім беру бөлімі шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау мақсатында «Заманауи сабақ – 2016» интернет-фестиваль сайысын өткізеді. Интернет-фестиваль сабақтарының сараптамасы № 7 ЖОМ негізінде өтті. Бұл сайысқа Павлодар қаласының 30 мектебінің 252 мұғалімнің сабақтары ұсынылды. 113 мұғалім жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Сайысқа келесі пән мұғалімдерінің сабақтары қарастырылды: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті, математика, география, биология, химия, физика, информатика, шетел тілі, бастауыш сынып, технология, бейнелеу өнері, музыка, дене шынықтыру, өзін-өзі тану, психология, АӘД, экономика. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: І орынға - № №1, 4, 6, 9, 11, 13, 16, 17, 18, 21, 28, 29, 30, 34, 39 ,40, 41, 43 мектептерінің 32 мұғалімі ие болды. ІІ орынға - № №1,6,7,9,11,13,14,18,21,22,25,29,34,39,41,43 мектептерінің 32 мұғалімі ие болды. ІІІ орынға - № № 2, 5, 6, 7, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 22, 25, 28, 29, 30, 34, 39, 40, 42, 43 мектептерінің 48 мұғалімі ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру бөлімінің мадақтамаларымен марапатталады. №№ 6(17), 34(16), 13(16), 17(15), 41(15), 39(14), 30(14), 25(13), 43(11), 29(13), 21(10), 5(10), 9(10) мектеп ұжымының мұғалімдері сайысқа жоғары белсенділікпен қатысқаны үшін және №№ 34, 11, 40, 39, 43, 4, 16, 18, 22, 29, 13, 21, 42, 25, 1 мектептері жоғары нәтиже көрсеткені үшін аталған мектеп директорларына алғыс жарияланады. Ең үздік жұмыстар Павлодар қаласының білім беру бөлімінің жинағына енгізіледі. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз! Ш.С.Нұрахметова, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі

С.М.Дүненбаева, әдіскер