Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Басқару әрекетінің тиімділігін арттыру стратегиясы - білім сапасын жоғарлату факторы» семинар – практикумы
15-02-2016 14:06
«Басқару әрекетінің тиімділігін арттыру стратегиясы - білім сапасын жоғарлату факторы»  семинар – практикумы
11 ақпан күні Павлодар облысының «Өрлеу» БАҰО АҚ негізінде әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Білім сапасын басқару. Тиімділікті көтерудегі ресурстары» тақырыбы бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өткізілді. Семинар өткізудің басты мақсаты ғылыми - әдістемелік ресімдерді өткізудегі бағалаудың білім сапасындағы жаңа жолдары болып табылады. Жұмыстың формасы - диалогтік алаң. Семинарға қатысушылардың ұйымдастыру қызметі басқару қызметін бағалау технологиясы бойынша өткізілді. Семинар қатысушылары жұмыс барысында SMART-технологиясы бойынша мақсат қоюға, SWOT-сараптама әдістемесімен, Д. Кирпатриканың бағалаудың оқу тиімділігін басқарушылық деңгейін көтеру моделімен танысты. Осындай жұмыстың негізгі құндылығы - басқарушылық негізінде туындаған мәселелерді шешу, педагогикалық ұжымның даму траекториясын анықтау, корпоративтік әрекет жобасын жасау. Бұл семинардың қорытындысы рефлексия түрімен аяқталды: не білдім, нені қолданамын, нені білгім келеді. Семинардың модераторлары Л.В Рыжкова, Г.К. Құрманова және «Өрлеу» БАҰО АҚ қызметкерлері болды.

Ш.С Нұрахметова,

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі