Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Адам және табиғат» тақырыбында ашық оқу сабағының өткізілуі туралы
15-02-2016 12:11
«Адам және табиғат» тақырыбында ашық оқу сабағының өткізілуі туралы
«Үздік қосымша білім беру ұстазы - 2016» қалалық байқауына қатысу көлемінде 2016 жылғы 11.02 күні Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының қосымша білім беру ұстазы А.А.Касенова Орталық филиалы №33 жалпы орта білім беру мектебінің негізінде «Бақшалар әлемі» балалар бірлестігінің оқушыларымен «Адам және табиғат» тақырыбы бойынша ашық оқу сабағын өткізді. Сабақты өткізу мақсаты адам және табиғат байланысы туралы түсінік беру арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеу, табиғатты қорғау шараларының маңыздылығын түсіндіру негізінде оқушылардың осы бағытта қызмет атқару құзыреттілігін дамыту, табиғатқа сүйіспеншілігін білдіру негізінде белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу болды. Оқу сабағын өткізу барысында оқытудың әдістері мен тәсілдері қолданылды, соның ішінде мәселелік, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының элементтері – ми шабуылы, байланыстар, ойын технологиялары, шығармашылық жұмыстарын қорғау, т.б. Оқу сабағы барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі, сұрақтарға жауаптардың дұрыс және толық берілуі және топтық жұмысының шығармашылық тұрғыда орындалуы қойылған мақсатқа қол жеткізілуінің дәлелі болды.